Аңдатпа

Қазақстанда 23 мамырда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2022
Жазылу
Sputnik Қазақстан 23 мамырда өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)
23 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ІС-ШАРАЛАР
НҰР-СҰЛТАН
09:30 – Қазақстан президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Медициналық пойыздар" қайырымдылық жобасының іске қосылуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Адиева Альфия Дәулетқалиқызы, "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры; Кеңгірбаев Ербол Ермұханұлы, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Әлеуметтік жобалар қорының директоры; Сарымсақов Батырхан Нұрлыбекұлы, ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті амбулаториялық-емханалық және жедел жәрдем басқармасының басшысы.
14.00 – "Золушка" спектаклі (МЖКТ сахнасы, Омаров көшесі, 47б)
14.00 – "Кто украл шапочку?" спектаклі (Абу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5)
17.00 – "Таң самалы" спектаклі (Қ. Қуанышбаев атындағы театр, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 25/1)
19.30 – "Сыныптастар. Өмір сабақтары" спектаклі (Тотальный театры, Шевченко көшесі, 114).
АЛМАТЫ
The DairyNews халықаралық ақпараттық-талдау агенттігі мен Сүт нарығын зерттеу орталығы (Dairy Intelligence agency, DIA) ұйымдастырған XIII сүт олимпиадасы аясында әлемдік сүт нарығындағы ең ірі іс-шаралардың бірі – IX сүт саммиті өтеді. Мамандар тәжірибе алмасу, секторды одан әрі дамыту жолдарын анықтау, дағдарысқа қарсы шешімдерді іздеу және іскерлік байланыстар орнату үшін жиналады. Іс-шараға 15 елден 350-ден астам делегат қатысады. 2022 жылғы сүт олимпиадасының іскерлік бағдарламасы шеңберінде 73 спикер сөз сөйлейді: АҚШ, Үндістан, Италия, Франция, Германия, Польша, Қазақстан, Беларусь және Ресей сарапшылары өз тәжірибесін бөліседі. Іс-шара Алматыда Rixos Almaty қонақ үйінде өтеді.
10.00 – Ботаникалық сурет және иллюстрациялар көрмесі (Caspian University, Достық даңғылы, 85а).
10.00 – "Остров возрождения шедевров" көрмесі (Самал-1 шағын ауданы, 44)
10.00 – "Прекрасный мир — прекрасными глазами" көрмесі (Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залы, Желтоқсан көшесі, 137)
12.00 – "Через тернии..." көрмесі ("Триумф" қазіргі заманғы өнер галереясы, Абай даңғылы, 44).
12.00 – "Алматы көктемі" көрмесі (Ular галереясы, Панфилов көшесі, 92)
18.00 – "Сыр сүлейін сұрасаң" концерті (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35)
18.30 – "Аягөз Ару" спектаклі (Республика сарайы, Достық даңғылы, 56).
Жаңалықтар
0