Маймыл шешегін жұқтырғандар жүзге жуықтады

© AP Photo / Alexandr KulikovМедицина қызметкері
Медицина қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Адамдар арасында маймыл шешегін жұқтырғандар саны 92-ге жетті, өлім-жітім тіркелген жоқ. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) хабарлады.
21 мамырда ДДСҰ ұйымға мүше он екі елден 92 адамның ауруға шалдыққаны туралы ақпарат алды.
"Бүгінге дейін бірде-бір адам бұл аурудан көз жұмған жоқ", - деп атап өтті ұйым.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, маймыл шешегін жұқтыру жағдайлары эндемиялық аймақтарға барумен байланысты емес, деп жазды РИА Новости.
Жұқпалы ауру негізінен еркекпен жыныстық қатынасқа түскен ар адамдардың арасында анықталған.
Жаңалықтар
0