https://sputnik.kz/20220521/toqaev-mazhilis-spikerin-qabyldady-24961957.html
Тоқаев мәжіліс спикерін қабылдады
Тоқаев мәжіліс спикерін қабылдады
Sputnik Қазақстан
Қошановтың айтуынша, азаматтар ұсынылып отырған реформаларды қолдайды және референдумға қатысуға дайын 21.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-21T12:54+0500
2022-05-21T12:54+0500
2022-05-21T12:54+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
мәжіліс
https://sputnik.kz/img/07e6/05/15/24961186_0:197:2299:1490_1920x0_80_0_0_62f0c88fa6f9a162f1626171ba0e3bf7.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Мәжіліс спикері президентке депутаттардың халықпен өткізген кездесулерінің қорытындысы туралы мәлімет берді. Мәжіліс депутаттары алдағы референдумның және Конституцияға енгізілетін өзгерістердің маңыздылығын түсіндіру үшін өңірлерге сапармен барған болатын.Депутаттар күн сайын 250-ге дейін іс-шара өткізген. Еңбек ұжымдарында, базарларда, әлеуметтік нысандарда және шалғай елді мекендерде өткен кездесулерде тұрғындармен ашық пікір алмасуға баса мән берілді. Қошановтың айтуынша, жалпы азаматтар ұсынылып отырған реформаларды қолдайды және референдумға қатысуға дайын.Мәжіліс депутаттары сапар барысында тұрғындарды толғандырып жүрген өзекті мәселелер жөнінде ашық пікір алмасты. Көтерілген барлық мәселе бекітілген алгоритмге сәйкес үкіметпен бірлесе жүйеленіп, пысықталады.Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа палатаның заң шығару қызметі туралы баяндады. Атап айтқанда, сессия басталғалы бері 64 заң жобасы мақұлданған және 51-і қаралып жатыр. Олардың ішінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында әзірленген заң жобалары да бар.Президентке үкімет пен есеп комитетінің былтырғы республикалық бюджеттің жұмсалуы жөніндегі есебін қоғамдық тыңдауға, сондай-ақ су ресурстары туралы парламенттік тыңдаулар өткізуге дайындық жұмыстарының барысы туралы баяндалды.Мәжіліс төрағасы президентке парламенттік дипломатия аясындағы жұмыстарды күшейту жөнінде мәлімет берді. Атап айтқанда, мамыр айында Жамбыл облысы Қордай ауылындағы шекара заставасында Қазақстан мен Қырғызстан парламенттерінің халықаралық істер және қорғаныс жөніндегі салалық комитеттерінің бірлескен көшпелі отырысы өткізілді. Онда Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, көлік-логистикалық және кедендік рәсімдерді жақсарту мәселелері қарастырылды.Маусым айында депутаттар Армениядағы ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының кеңесі мен Қырғызстандағы Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің отырыстарына қатысады деп жоспарланып отыр. Бұл жиындарда заң шығару қызметі мен сайлауды бақылау жөніндегі ынтымақтастықты нығайтудың перспективалары талқыланбақ.
https://sputnik.kz/20220519/toqaev-lauazymdy-qyzmetter-24925905.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/15/24961186_0:0:2416:1812_1920x0_80_0_0_30f57c92a5e843e93e0f654f495dfe9e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, мәжіліс
қасым-жомарт тоқаев, мәжіліс
Тоқаев мәжіліс спикерін қабылдады
Қошановтың айтуынша, азаматтар ұсынылып отырған реформаларды қолдайды және референдумға қатысуға дайын
НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды
Ақорда. Мәжіліс спикері президентке депутаттардың халықпен өткізген кездесулерінің қорытындысы туралы мәлімет берді. Мәжіліс депутаттары алдағы референдумның және Конституцияға енгізілетін өзгерістердің маңыздылығын түсіндіру үшін өңірлерге сапармен барған болатын.
Депутаттар күн сайын 250-ге дейін іс-шара өткізген. Еңбек ұжымдарында, базарларда, әлеуметтік нысандарда және шалғай елді мекендерде өткен кездесулерде тұрғындармен ашық пікір алмасуға баса мән берілді. Қошановтың айтуынша, жалпы азаматтар ұсынылып отырған реформаларды қолдайды және референдумға қатысуға дайын.
Мәжіліс депутаттары сапар барысында тұрғындарды толғандырып жүрген өзекті мәселелер жөнінде ашық пікір алмасты. Көтерілген барлық мәселе бекітілген алгоритмге сәйкес үкіметпен бірлесе жүйеленіп, пысықталады.
Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа палатаның заң шығару қызметі туралы баяндады. Атап айтқанда, сессия басталғалы бері 64 заң жобасы мақұлданған және 51-і қаралып жатыр. Олардың ішінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында әзірленген заң жобалары да бар.
Президентке үкімет пен есеп комитетінің былтырғы республикалық бюджеттің жұмсалуы жөніндегі есебін қоғамдық тыңдауға, сондай-ақ су ресурстары туралы парламенттік тыңдаулар өткізуге дайындық жұмыстарының барысы туралы баяндалды.
Мәжіліс төрағасы президентке парламенттік дипломатия аясындағы жұмыстарды күшейту жөнінде мәлімет берді. Атап айтқанда, мамыр айында Жамбыл облысы Қордай ауылындағы шекара заставасында Қазақстан мен Қырғызстан парламенттерінің халықаралық істер және қорғаныс жөніндегі салалық комитеттерінің бірлескен көшпелі отырысы өткізілді. Онда Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, көлік-логистикалық және кедендік рәсімдерді жақсарту мәселелері қарастырылды.
Маусым айында депутаттар Армениядағы ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының кеңесі мен Қырғызстандағы Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің отырыстарына қатысады деп жоспарланып отыр. Бұл жиындарда заң шығару қызметі мен сайлауды бақылау жөніндегі ынтымақтастықты нығайтудың перспективалары талқыланбақ.