Оқиға

Шымкенттегі жарылыстан бес қабатты тұрғын үй мен 7 көлікке зақым келді

© Photo : ДЧС ШымкентаШымкенттегі жарылыс
Шымкенттегі жарылыс - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2022
Жазылу
Екі қабатты бөлек тұрған ғимарат "Межболничная 138 аптека" ЖШС-іне тиесілі
НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Шымкентте дәріханада болған жарылыстан жақын маңдағы бес қабатты тұрғын үй мен автокөліктерге зақым келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті екі қабатты бөлек тұрған ғимараттың "Межболничная 138 аптека" ЖШС-іне тиесілі екенін растады.
Ғимараттың жалпы ауданы – 360 шаршы метр. Тілсіз жау 55 шаршы метрге шарпыған. Жарылыстың салдарынан ғимараттың 130 шаршы метрі қирады.
"Жақын тұрған бес қабаттың үйдегі пәтердің терезелері мен балконы бұзылды. Сондай-ақ, 7 көлікке зақым келді", - деді департамент мамандары.
Үйінді арасынан денесі күйген ер адамның мәйіті табылды. Болжам бойынша ол дәріхананың күзетшісі. Қазір марқұмның жеке басы анықталып жатыр.
© Photo : ДЧС ШымкентаШымкенттегі жарылыс
Взрыв в Шымкенте - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2022
Шымкенттегі жарылыс
Жарылыс салдарын жоюға ТЖ департаментінің 37 қызметкері мен 9 техника тартылды.
Жарылыс себебі анықталып жатыр.
Бұған дейін Шымкент қаласында дәрілік ерінділер жасайтын дәріханада жарылыс болғаны хабарланды. Алдын ала болжам бойынша жарылысқа газдың жиналуы себеп болған.
Қалалық полиция департаменті оқиға орнында күзетші қаза болғанын мәлімдеді. Жарақат алған басқа ешкім жоқ.
Жаңалықтар
0