Шымкенттегі жарылыс: қаза болғандар саны артты

© Sputnik / Абзал Калиевархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2022
Жазылу
Тағы 8 адам зардап шекті, олардың барлығы қаланың медициналық мекемелеріне жатқызылды
НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Шымкент қаласындағы №1 облыстық перинаталдық орталықтың жанында болған жарылыс салдарына қаза болғандар саны артты.

"Өкінішке қарай, 1979 жылы туған күзетші,1980 жылы туған жұмысшы және 18 күн бұрын туған бір сәби қайғылы оқиғаның құрбаны болды. Зардап шеккендерге көмек көрсету және осы қайғылы оқиғаны тергеу үшін ведомство барлық қажетті шараларды қабылдайды", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Тағы 8 адам зардап шекті, олардың барлығы қаланың медициналық мекемелеріне жатқызылды.
Оқиға кезінде перинаталдық орталықта 189 науқас пен 65 қызметкер болған. Олардың барлығы Шымкенттің басқа медициналық ұйымдарына көшірілді.
Айта кетері, бүгін Шымкент қаласында аурухананы қажетті препараттармен қамтамасыз ететін дәріханада жарылыс болды.
"Межболничная 138 аптека" ЖШС-іне тиесілі ғимараттың жалпы ауданы – 360 шаршы метр. Тілсіз жау 55 шаршы метрге шарпыған. Жарылыстың салдарынан ғимараттың 130 шаршы метрі қирады.
Жақын тұрған бес қабаттың үйдегі пәтердің терезелері мен балконы бұзылды. Сондай-ақ, 7 көлікке зақым келді. Облыстық перинаталдық орталықтан 100-ден астам адам басқа перзентханаға көшірілді.Олардың ішінде жүкті әйелдер, балалар және медицина қызметкерлері бар.
Жаңалықтар
0