https://sputnik.kz/20220521/shymkent-zharylys-bas-qutqarushy-24964269.html
Шымкенттегі жарылыс: бас құтқарушы оқиғаның мән-жайын айтып берді
Шымкенттегі жарылыс: бас құтқарушы оқиғаның мән-жайын айтып берді
Sputnik Қазақстан
Қазіргі кезде жақын тұрған перинаталдық орталықтан 100-ден астам жүкті әйел мен бала басқа перзентханаға көшірілді 21.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-21T14:36+0500
2022-05-21T14:36+0500
2022-05-21T14:35+0500
оқиға
шымкент
жарылыс
дәріхана
https://sputnik.kz/img/07e6/02/16/22988555_0:0:2730:1537_1920x0_80_0_0_c155d512ebebba788a1e4b130c62f8d1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мадияр Жақсыбаев жеке меншік дәріханада болған жарылыстың мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Құтқарушылар "Межболничная 138 аптека" ЖШС директорымен сөйлесіп, ғимаратта қандай заттардың сақталғанын сұраған. Кәсіпкердің айтуынша, ішінде газ балоны болмады. Фурацилин сияқты дәрі-дәрмекті жасауға қажетті сутегінің асқын тотығы көп мөлшерде сақталды. "Иесі, шамамен, екі тонна сутегінің асқын тотығы болғанын айтты. Соның бәрі 12 литрлік ыдыстарда сақталды", - деді Жақсыбаев арнайы брифингте. Қазіргі кезде жақын тұрған перинаталдық орталықтан 100-ден астам жүкті әйел мен бала басқа перзентханаға көшірілді. Медицина қызметкерлері де бар. Айтуынша, дәріхана бүгін жұмыс істемеген. Ішінде жұмысшылар болмады. Осы уақытқа дейін бір ғана адамның мәйіті табылды. Жақсыбаевтың сөзіне қарағанда, ол 48 жастағы қала тұрғыны, алдын ала мәліметке сәйкес, күзетші болып жұмыс істеген. Айта кетері, бүгін Шымкент қаласында аурухананы қажетті препараттармен қамтамасыз ететін дәріханада жарылыс болды. "Межболничная 138 аптека" ЖШС-іне тиесілі ғимараттың жалпы ауданы – 360 шаршы метр. Тілсіз жау 55 шаршы метрді шарпыған. Жарылыстың салдарынан ғимараттың 130 шаршы метрі қирады. "Жақын тұрған бес қабаттың үйдегі пәтердің терезелері мен балконы бұзылды. Сондай-ақ, 7 көлікке зақым келді", - делінген ресми хабарламада. Үйінді арасынан денесі күйген ер адамның мәйіті табылды. Жарылыс салдарын жоюға ТЖ департаментінің 37 қызметкері мен 9 техника тартылды.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/16/22988555_0:0:2730:2048_1920x0_80_0_0_686f6643a6bbbdc6e65273074b1fe907.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, жарылыс, дәріхана
шымкент, жарылыс, дәріхана
Шымкенттегі жарылыс: бас құтқарушы оқиғаның мән-жайын айтып берді
Қазіргі кезде жақын тұрған перинаталдық орталықтан 100-ден астам жүкті әйел мен бала басқа перзентханаға көшірілді
НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мадияр Жақсыбаев жеке меншік дәріханада болған жарылыстың мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Құтқарушылар "Межболничная 138 аптека" ЖШС директорымен сөйлесіп, ғимаратта қандай заттардың сақталғанын сұраған. Кәсіпкердің айтуынша, ішінде газ балоны болмады.
Фурацилин сияқты дәрі-дәрмекті жасауға қажетті сутегінің асқын тотығы көп мөлшерде сақталды.
"Иесі, шамамен, екі тонна сутегінің асқын тотығы болғанын айтты. Соның бәрі 12 литрлік ыдыстарда сақталды", - деді Жақсыбаев арнайы брифингте.
Қазіргі кезде жақын тұрған перинаталдық орталықтан 100-ден астам жүкті әйел мен бала басқа перзентханаға көшірілді. Медицина қызметкерлері де бар.
"Сондай-ақ, жақын тұрған бес қабатты үйден 15-20 адамдай қауіпсіз жерге шығарылды. Бесінші қабатта бір пәтердің терезесі мен балконы бұзылған. Абырой болғанда сол кезде иесі үйде болған жоқ", - деп атап көрсетті Жақсыбаев.
Айтуынша, дәріхана бүгін жұмыс істемеген. Ішінде жұмысшылар болмады. Осы уақытқа дейін бір ғана адамның мәйіті табылды.
Жақсыбаевтың сөзіне қарағанда, ол 48 жастағы қала тұрғыны, алдын ала мәліметке сәйкес, күзетші болып жұмыс істеген.
Айта кетері, бүгін Шымкент қаласында аурухананы қажетті препараттармен қамтамасыз ететін дәріханада жарылыс болды.
"Межболничная 138 аптека" ЖШС-іне тиесілі ғимараттың жалпы ауданы – 360 шаршы метр. Тілсіз жау 55 шаршы метрді шарпыған. Жарылыстың салдарынан ғимараттың 130 шаршы метрі қирады.
"Жақын тұрған бес қабаттың үйдегі пәтердің терезелері мен балконы бұзылды. Сондай-ақ, 7 көлікке зақым келді", - делінген ресми хабарламада. Үйінді арасынан денесі күйген ер адамның мәйіті табылды.
Жарылыс салдарын жоюға ТЖ департаментінің 37 қызметкері мен 9 техника тартылды.