Мәдениет

Президент "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағын қайтаруды тапсырды

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2022
Жазылу
21 мамыр – Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлері күні
НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті министрлікке "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағын қайтаруды тапсырды.
Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
"21 мамыр – Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Ел идеологиясы мен жаңғыруында орны айрықша осы саланың барлық майталманын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін!", - деп жазды ол Twitter-де.
Сонымен қатар Тоқаев "бүгін тиісті министрлікке "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағын қайтаруды қолға алу туралы тапсырма бергенін" айтты.
Бұған дейін президент "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын беру туралы жарлыққа қол қойған еді. Мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстанға сіңірген айрықша еңбегі үшін марапатталғандар арасында әйгілі "Дос-Мұқасан" ансамблінің әншісі Есқайыр Абаханов та бар.
Ақорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2022
Мәдениет
Тоқаев "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын кімдерге берді
Жаңалықтар
0