Өңірлер

Маңғыстау облысында қатты жел ғимараттардың шатырын ұшырды

© AFP 2024 / Sam YehҚатты жел
Қатты жел - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2022
Жазылу
Зардап шеккендер жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Табиғаттың тосын мінезінен, әсіресе, Бейнеу ауылы қатты зардап шекті. Кейбір тұрғындар газсыз қалды.
Маңғыстау облысы ТЖД ақпаратынша, Бейнеу ауылында қатты желден Мәдениет үйі мен №3 емхананың шатырлары ұшып кеткен.
Сондай-ақ, Уәли көшесіндегі газ құбырына жартылай зақым келді. Салдарынан төрт жер үй газсыз қалды, деп хабарлайды lada.kz
"Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда "ҚазТрансГазАймақ" АҚ мен "Бейнеуэнергосервис"АҚ жұмысшылары жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деді ТЖД.
Бұған дейін өңір тұрғындарына жел күшейіп, жаңбыр жауатыны туралы хабар берілген еді.
Жаңалықтар
0