https://sputnik.kz/20220520/zhastardyn-koshbasshysy-qazaqstan-kredit-24942362.html
Қазақстанда кредит беру жасын ұлғайту ұсынылды
Қазақстанда кредит беру жасын ұлғайту ұсынылды
Sputnik Қазақстан
350 мың қазақстандық құмар ойын құрсауынан шыға алмай жүр 20.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-20T13:47+0500
2022-05-20T13:47+0500
2022-05-20T13:47+0500
қоғам
кредит
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15704070_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_1451406e3b5c4a4069f5d446a86e0411.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Қазақстан жастары конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов микрокредит беру жасын 21-ге дейін көтеруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бүгін сенатта "Жаңа Қазақстан: жастар және жаңғыру" тақырыбында өткен парламенттік тыңдаулар кезінде конгресс басшысы маңызды мәселені көтерді. Оның айтуынша, елімізде лудомания проблемасы ушығып барады, құмар ойындарға тәуелді жастардың саны көбейді. Қазірдің өзінде, шамамен, 350 мың қазақстандық құмар ойын құрсауынан шыға алмай жүр. Олардың басым бөлігі – жасөспірімдер. Бұған дейін жарияланған статистикаға сәйкес, қазақстандықтардың 70 проценттен астамы 25-45 жасында алғаш рет кредит рәсімдейді. Соңғы кезде халық тұрмыстық заттарға ғана емес, тамақ пен киімге де кредит ала бастады. Баласын мектепке дайындау үшін қарыз рәсімдейтін ата-аналар да аз емес.
https://sputnik.kz/20220511/qazaqstan-onlayn-kredit-24751491.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15704070_374:0:2625:1688_1920x0_80_0_0_fe21e2c24066846d9378484085c7e11a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит, қазақстан
Қазақстанда кредит беру жасын ұлғайту ұсынылды
350 мың қазақстандық құмар ойын құрсауынан шыға алмай жүр
НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Қазақстан жастары конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов микрокредит беру жасын 21-ге дейін көтеруді ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бүгін сенатта "Жаңа Қазақстан: жастар және жаңғыру" тақырыбында өткен парламенттік тыңдаулар кезінде конгресс басшысы маңызды мәселені көтерді. Оның айтуынша, елімізде лудомания проблемасы ушығып барады, құмар ойындарға тәуелді жастардың саны көбейді.
Қазірдің өзінде, шамамен, 350 мың қазақстандық құмар ойын құрсауынан шыға алмай жүр. Олардың басым бөлігі – жасөспірімдер.
"Мысалы, студенттер ойнаймын деп, микрокредит ұйымдарынан шағын несие алады. Бірақ артынан тәуелді болып кетеді. Ал қарызды ата-анасы төлейді. Осыған байланысты біз микрокредиттерді беру жасын 18-ден 21-ге дейін көтеруді сұраймыз", - дейді Болысов.
Бұған дейін жарияланған статистикаға сәйкес, қазақстандықтардың 70 проценттен астамы 25-45 жасында алғаш рет кредит рәсімдейді. Соңғы кезде халық тұрмыстық заттарға ғана емес, тамақ пен киімге де кредит ала бастады. Баласын мектепке дайындау үшін қарыз рәсімдейтін ата-аналар да аз емес.