Спорт

Жәнібек Әлімханұлы кезекті қарсыласымен көз арбасты – видео

© AFP 2024 / Yong Teck LimЖанібек Әлімханулы
Жанібек Әлімханулы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2022
Жазылу
Жәнібек Әлімханұлы қарсыласынан көзін алмай тұрып алды
НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегастағы жекпе-жектің алдында қарсыласымен көз арбасты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде екі боксшының көз арбасқан видеосы жарияланды. Жәнібек Әлімханұлы қарсыласынан көзін алмай тұрып алды.
20 секундтан кейін Ұлыбритания боксшысы Дэнни Дигнум көзін алып, фотосессияға бұрылып кетті.
https://twitter.com/i/status/1527384997505552399
Орта салмақтағы жекпе-жек 22 мамырда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Екі боксшы WBO-ның уақытша чемпионы атағы үшін таласады. Толық титулдың иегері – америкалық Деметриус Андраде (31-0, 19 КО).
Андраде басқа салмаққа ауысса, Жәнібек немесе Дэнни осы дәрежедегі әлемнің толыққанды чемпионы бола алады. Ол үшін алдағы жекпе-жекте жеңу керек.
Айта кетері, Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) арасындағы жекпе-жек "Хабар" арнасынан көрсетіледі. Басталуы – таңғы сағат 8:00.
Жаңалықтар
0