Құлсары қаласының бұрынғы әкімі есірткі тасымалымен айналысты – полиция пікір білдірді

© AFP 2024 / FRENCH CUSTOMSГероин
Героин - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2022
Жазылу
Әлеуметтік желіде Құлсары қаласының бұрынғы әкімі түсірілген видео талқыланған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Атырау облысы полиция департаменті Құлсары қаласының бұрынғы әкімінің есірткі тасымалымен айналысқанына қатысты пікір білдірді.
Департаменттің хабарлауынша, 20 мамыр күні әлеуметтік желіде Атырау қаласындағы Көктем шағын ауданында белгісіз тұрғындардың өзін Құлсары қаласының бұрынғы әкімі Қаржау Шарғабаев деп таныстырған тұлғаны политилен қапшыққа оралған ақ түсті белгісіз ұнтақпен ұстап алған бейне жазба таралды.
"Жазба авторы ақ ұнтақтың есірткі заты екенін түсіндіреді. Аталған фактіге қатысты Атырау қалалық полиция басқармасының №2 қалалық бөлімі Қылмыстық кодекстің 296 бабы 2 бөлігімен тергеу амалдарын бастады. Қазіргі таңда 1981 жылы туған Жылыой ауданының тұрғыны Қ.С.Шарғабаевтың жүрген жері анықталуда", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, 20 мамыр күні желіде Қаржау Шарғабевтың 19 мамыр күні Томарлы селосында белгісіз 7-8 адамдардың ұрып-соғып, телефонын тартып алып, қорқытып видеоға түсіргені туралы бейнеүндеуі жарияланды.
Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 293 бабы 2 бөлігі 1 тармағымен тергеу басталды.
Әлеуметтік желіде Құлсары қаласының бұрынғы әкімі түсірілген видео талқыланған болатын.
Кадрда Құлсары қаласының экс-әкімі Қаржау Шарғабаев бір буманы көрсетіп, оны басқа адамдардың сұрауы бойынша алуға келгенін айтады.
Оның айтуынша, берген адамдар оған кішкентай пакетте дәрі бар деген.
Қаржаубаев видеоны түсіріп тұрған белгісіз адамның сұрақтарына жауап береді. Өзінің бетінен көгерген іздер байқалады.
Жаңалықтар
0