https://sputnik.kz/20220520/qazaqstanda-zhogary-bilimi-bar-zhastar-24939222.html
Қазақстанда жоғары білімі бар жастардың 40%-і мамандығы бойынша жұмыс істемейді
Қазақстанда жоғары білімі бар жастардың 40%-і мамандығы бойынша жұмыс істемейді
Sputnik Қазақстан
Сенаторлар түрлі бағдарлама бойынша мемлекет бөліп жатқан қаражат азаматтарға жетпейтінін және тиісінше нәтиже бермей жатқанын айтты 20.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-20T12:13+0500
2022-05-20T12:13+0500
2022-05-20T12:18+0500
қоғам
жастар
жұмыс
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/17/15815041_0:162:3065:1886_1920x0_80_0_0_22c78e429a13cf4babc1cab2ad52b267.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандық жастарға қатысты өзекті мәселені көтерді. Палата спикері қазір елде жұмыссыздық пен мамандық бойынша бейімдеу жұмыстарының нашар жүргізілуі проблема тудырып отырғанын айтты. "Жастар арасындағы жұмыссыздық бойынша ресми мәллімет соншалықты жоғары емес. Бірақ тәуелсіз ұйымдардың зерттеулері өзге мәліметтің бетін ашып отыр. Тәуелсіз ұйымдар жүргізген сауалнамаға сәйкес, 25-29 жас арасындағылардың 12%-ке жуығында тұрақты жұмыс болмаған. Жоғары білімі туралы дипломы бар қазақстандық жастардың 40%-тен көбі мамандығы бойынша жұмыс істемейді", - деді Мәулен Әшімбаев сенаттағы парламент тыңдалымында. Сенат төрағасы елімізде жастар кәсіпкерлігін қолдаудың нақты әрі тиімді саясаты жоқ екенін айтты. Әшімбаевтың айтуынша, жастар өз кәсібін ашудан бас тартудың негізгі себебі ретінде бастапқы капиталдың жоқтығын (32%) және өз бизнесін құру үшін білім жетіспейтінін (18%) атаған. Спикер қаңтар оқиғасы жастар саясатын түбегейлі қайта қарау қажеттілігін тудырғанын атап өтті. "Қайғылы қаңтар оқиғасы жұмыссыз жастар проблемасының өзектілігін айшықтай түсті. Наразылық акциясына қатысқан жастардың көбінде сапалы білім, тұрақты жұмыс пен табыс болмаған. Мұндай жастарды деструктивті күштер қалай пайдаланатынына өзіміз куә болдық", - деді ол. Мәулен Әшімбаев қаңтар оқиғасы тиімді жастар саясаты мемлекет тұрақтылығы мен мызғымастығының негізгі шарты екеніне сабақ болғанын айтты.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/17/15815041_168:0:2897:2047_1920x0_80_0_0_3eaa65abba26f11b25522d8ca95546f6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жастар, жұмыс, қазақстан
Қазақстанда жоғары білімі бар жастардың 40%-і мамандығы бойынша жұмыс істемейді
12:13 20.05.2022 (жаңартылды: 12:18 20.05.2022) Сенаторлар түрлі бағдарлама бойынша мемлекет бөліп жатқан қаражат азаматтарға жетпейтінін және тиісінше нәтиже бермей жатқанын айтты
НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандық жастарға қатысты өзекті мәселені көтерді. Палата спикері қазір елде жұмыссыздық пен мамандық бойынша бейімдеу жұмыстарының нашар жүргізілуі проблема тудырып отырғанын айтты.
"Жастар арасындағы жұмыссыздық бойынша ресми мәллімет соншалықты жоғары емес. Бірақ тәуелсіз ұйымдардың зерттеулері өзге мәліметтің бетін ашып отыр. Тәуелсіз ұйымдар жүргізген сауалнамаға сәйкес, 25-29 жас арасындағылардың 12%-ке жуығында тұрақты жұмыс болмаған. Жоғары білімі туралы дипломы бар қазақстандық жастардың 40%-тен көбі мамандығы бойынша жұмыс істемейді", - деді Мәулен Әшімбаев сенаттағы парламент тыңдалымында.
Сенат төрағасы елімізде жастар кәсіпкерлігін қолдаудың нақты әрі тиімді саясаты жоқ екенін айтты. Әшімбаевтың айтуынша, жастар өз кәсібін ашудан бас тартудың негізгі себебі ретінде бастапқы капиталдың жоқтығын (32%) және өз бизнесін құру үшін білім жетіспейтінін (18%) атаған.
"Осыған байланысты бюджеттен, оның ішінде "Атамекен" ҰКП арқылы да қомақты қаражат бағытталып жатқан кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларының тиімділігіне қатысты күмән туындайды", - деді палата басшысы.
Спикер қаңтар оқиғасы жастар саясатын түбегейлі қайта қарау қажеттілігін тудырғанын атап өтті.
"Қайғылы қаңтар оқиғасы жұмыссыз жастар проблемасының өзектілігін айшықтай түсті. Наразылық акциясына қатысқан жастардың көбінде сапалы білім, тұрақты жұмыс пен табыс болмаған. Мұндай жастарды деструктивті күштер қалай пайдаланатынына өзіміз куә болдық", - деді ол.
Мәулен Әшімбаев қаңтар оқиғасы тиімді жастар саясаты мемлекет тұрақтылығы мен мызғымастығының негізгі шарты екеніне сабақ болғанын айтты.