Қоғам

Қазақстанға суық асфальтты сынақтан өткізе бастады – видео

© Photo : Акимат Нур-Султана архив фото
архив фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2022
Жазылу
"RapidAszfalt" өнімі Венгрияда жасалған
НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Республикалық жолдарға жауапты "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жолды жылдам жөндеу технологиясын көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, "Нұр-Сұлтан - Қорғалжын" республикалық тас жолының бір учаскесінде шұңқырларды жөндеу кезінде суық асфальт қоспасын апробациялау басталды.
"RapidAszfalt" өнімі Венгрияда жасалған.
"Технологияның артықшылығы сол, оған қандай да бір дайындық жұмыстары қажет емес, қыздырмай-ақ және қоспаларсыз пайдалана беруге болады. Сондай-ақ, ауыр техниканың қажеті жоқ. Қолмен нығыздау аппараты - вибро-машина да жеткілікті", - дейді мамандар.
Суық асфальт тез қатады. Соның арқасында жол қозғалысын ұзақ уақытқа жабудың қажеті жоқ.
"RapidAszfalt" технологиясын қыста да ауа температурасы -20 градусқа дейін қолдана беруге болады.
Ал жазда + 50C-қа дейін өз қасиеттерін сақтайды.
Апробация сәтті болса, жаңа технология жол-құрылыс саласына енгізіледі.
Жаңалықтар
0