Әлем

Қазақстан, Әзербайжан мен Грузия транзитті жеңілдетуді қарастырып жатыр

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуархив фото
архив фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2022
Жазылу
Транзитті жеңілдету туралы келісімнің жобасын Азия даму банкінің қаржылық қолдауымен 2016 жылы үш елдің кеден қызметтері әзірлеген
НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Қазақстан, Әзербайжан және Грузия транзитті жеңілдету бойынша үшжақты келісім жобасына қол қоюды жоспарлап отыр, деп хабарлады Әзербайжан мемлекеттік кеден комитетінің кедендік бақылау және сауданы жеңілдетуді ұйымдастыру басқармасы басшысының орынбасары Самед Гаралов, деп хабарлайды Sputnik Азербайжан.
Оның айтуынша, бұл жобаны Азия даму банкінің қаржылық қолдауымен 2016 жылы үш елдің кеден қызметтері әзірлеген.
"Біздің ел мен Грузия арасында келісімге қол қойылды. Құжатқа Қазақстан тарапынан қол қойылуын күтіп отырмыз. Сонымен қатар, грузин тарапы бұл жүйені 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды жоспарлап отыр", - деді Гаралов "Әзербайжанда халықаралық автомобиль тасымалын дамыту келешегі туралы" конференцияда.
Кеден комитетінің өкілі келісімге қол қою ТРАСЕКА дәлізінде тасымалдаушылардың жұмысын жақсартуға және жеңілдетуге үлкен септігін тигізетінін, бұл жобаның балама бастамалар арасында бәсекеге қабілетті бола алатынын атап өтті.
Бұған дейін Гаралов халықаралық тасымалдауды қамтамасыз етуге арналған кедендік рәсімдерді жеңілдететін және цифрландыратын e-TIR рәсімінің іске қосылғанын хабарлады.
Жаңалықтар
0