https://sputnik.kz/20220520/aurukhana-arystanbek-mukhamediulyny-24950082.html
Ауруханаға түскен Арыстанбек Мұхамедиұлының жағдайы белгілі болды
Ауруханаға түскен Арыстанбек Мұхамедиұлының жағдайы белгілі болды
Sputnik Қазақстан
Арыстанбек Мұхамедиұлының жеке басына қатысты іс қозғалмаған 20.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-20T17:22+0500
2022-05-20T17:22+0500
2022-05-20T17:22+0500
арыстанбек мұхамедиұлы
аурухана
https://sputnik.kz/img/993/72/9937238_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_8a11613c7a644eb5c5fa03b8b618b3db.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының жағдайы орташа ауыр. Бұл туралы музейдің ресми өкілі Айдар Қырықбай мәлімдеді. Ол Мұхемдиұлының аяғына ота жасалғанын айтты. Бұған дейін Антикор Ұлттық музей басшылығы 146 млн теңге бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатын. Айдар Қырықбайдың айтуынша, Ұлттық музей қызметкерлері бұл айыппен келіспейді. "Музей қызметкерлері бұған шағым түсіреді. Біз қазір қазақстандық және халықаралық сарапшылардың көмегіне жүгіндік. Өйткені музей қызметкерлері мұндай ақшаның жоқ болып кеткеніне қарсылық білдіріп жатыр. Музейдің 100-ден астам қызметкері президенттің атына хат жазып, заңсыздықтарды тоқтатуды сұрады", - деді музейдің ресми өкілі. Ол Арыстанбек Мұхамедиұлының жеке басына қатысты іс қозғалмағанын атап өтті. "Сотқа дейінгі іс жалпы музейдің басшылығына қатысты қозғалды. Басшылық құрамға бұрын қызмет атқарған директорлар да, қазір қызмет атқаратын орынбасарлар да кіреді. Ал Арыстанбек Мұхамедиұлының жеке басына қатысты іс қозғалған жоқ", - деп мәлімдеді Айдар Қырықбай. 16 мамырда Антикор Ұлттық музей басшылығы бюджет ақшасын жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады. Дәл сол күні музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының ауруханаға түскені туралы ақпарат тарады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/993/72/9937238_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_9fd86266ed50e888db3c90e432d4a4f6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
арыстанбек мұхамедиұлы, аурухана
арыстанбек мұхамедиұлы, аурухана
Ауруханаға түскен Арыстанбек Мұхамедиұлының жағдайы белгілі болды
Арыстанбек Мұхамедиұлының жеке басына қатысты іс қозғалмаған
НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының жағдайы орташа ауыр. Бұл туралы музейдің ресми өкілі Айдар Қырықбай мәлімдеді.
Ол Мұхемдиұлының аяғына ота жасалғанын айтты.
"Оның аяғы ауыратынын халық біледі. Осы жолы операция жасалды. Отадан кейін бір жарым күндей реанимацияда жатты. Қазір оны жансақтаудан шығарды. Жағдайы орташа ауыр. Палатаға тек туыстарын ғана кіргізеді. Өз басым әлі ол кісімен кездескен жоқпын", - деді Қырықбай
Sputnik Қазақстан-ға.
Бұған дейін Антикор Ұлттық музей басшылығы 146 млн теңге бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатын. Айдар Қырықбайдың айтуынша, Ұлттық музей қызметкерлері бұл айыппен келіспейді.
"Музей қызметкерлері бұған шағым түсіреді. Біз қазір қазақстандық және халықаралық сарапшылардың көмегіне жүгіндік. Өйткені музей қызметкерлері мұндай ақшаның жоқ болып кеткеніне қарсылық білдіріп жатыр. Музейдің 100-ден астам қызметкері президенттің атына хат жазып, заңсыздықтарды тоқтатуды сұрады", - деді музейдің ресми өкілі.
Ол Арыстанбек Мұхамедиұлының жеке басына қатысты іс қозғалмағанын атап өтті.
"Сотқа дейінгі іс жалпы музейдің басшылығына қатысты қозғалды. Басшылық құрамға бұрын қызмет атқарған директорлар да, қазір қызмет атқаратын орынбасарлар да кіреді. Ал Арыстанбек Мұхамедиұлының жеке басына қатысты іс қозғалған жоқ", - деп мәлімдеді Айдар Қырықбай.
16 мамырда Антикор Ұлттық музей басшылығы бюджет ақшасын жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады.
Дәл сол күні музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының ауруханаға түскені туралы ақпарат тарады.