https://sputnik.kz/20220520/atyrau-oblysynda-ziyankester-24941421.html
Атырау облысында зиянкестер 800 гектар жайылымды зақымдады
Атырау облысында зиянкестер 800 гектар жайылымды зақымдады
Sputnik Қазақстан
Ауыл шаруашылығы басқармасы зиянкестерді зарарсыздандырумен айналысатын компаниялардың баға бойынша ұсынысын қарастырып жатыр 20.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-20T13:21+0500
2022-05-20T13:21+0500
2022-05-20T13:24+0500
өңірлер
атырау облысы
https://sputnik.kz/img/old/881/29/8812931_0:60:1153:709_1920x0_80_0_0_3b7207ac26ee6405142c9c5cad818d9b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Атырау облысы Қызылқоға ауданында 800 гектар жайылымдық алқаптағы көк шалғынға зақым келді. Жайылымдық жерге жүргізілген зерттеу жоғары ылғалдылық салдарынан жемір көбелек көбейіп, жусан жапырақтарын зақымдағанын көрсетті, деп хабарлайды "Мой город" порталы. "Қызылқоға ауданына қарасты Сағыз және Мұқыр ауылдарынан, дәлірек айтқанда, Ақтөбе облысымен шектесетін ауылдардың 800 гектарынан құрт табылды.Барлық жер емес, шашыраңқы аумақта, кей жерде 8, кей жерде 20 құрттан анықталды", - деді Мемлекеттік агроөнеркәсіптік кешендегі инспекция комитетінің Атырау облыстық аймақтық инспекциясының бөлім басшысы Абила Қазиева.Жемір көбелектер бұған дейін де болған. Алайда биыл ылғалдың жоғары болуына байланысты қатты көбейіп кеткен. Сарапшы алдағы уақытта бұл жәндіктерді аса қауіпті зиянкестерге жатқызуды ұсынды. Себебі 800 гектар жердің зақымдануы жайылымға үлкен зиян келтіреді. Зерттеу нәтижесі келер жылы белгілі болады. Ал әзірге жайылымдық жерлерді химиялық өңдеу шаруа қожалықтарының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатыр. Өйткені мемлекет тарапынан шегірткеге қарсы өңдеу жүргізу үшін ғана төлем қарастырылған.
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/881/29/8812931_65:0:1089:768_1920x0_80_0_0_60367cf58a5a5b9fe39cfbd2af24f85d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы
Атырау облысында зиянкестер 800 гектар жайылымды зақымдады
13:21 20.05.2022 (жаңартылды: 13:24 20.05.2022) Ауыл шаруашылығы басқармасы зиянкестерді зарарсыздандырумен айналысатын компаниялардың баға бойынша ұсынысын қарастырып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Атырау облысы Қызылқоға ауданында 800 гектар жайылымдық алқаптағы көк шалғынға зақым келді. Жайылымдық жерге жүргізілген зерттеу жоғары ылғалдылық салдарынан жемір көбелек көбейіп, жусан жапырақтарын зақымдағанын көрсетті, деп хабарлайды "
Мой город" порталы.
"Қызылқоға ауданына қарасты Сағыз және Мұқыр ауылдарынан, дәлірек айтқанда, Ақтөбе облысымен шектесетін ауылдардың 800 гектарынан құрт табылды.Барлық жер емес, шашыраңқы аумақта, кей жерде 8, кей жерде 20 құрттан анықталды", - деді Мемлекеттік агроөнеркәсіптік кешендегі инспекция комитетінің Атырау облыстық аймақтық инспекциясының бөлім басшысы Абила Қазиева.
Жемір көбелектер бұған дейін де болған. Алайда биыл ылғалдың жоғары болуына байланысты қатты көбейіп кеткен.
"Қазір дернәсілге айналып жатыр. Ал дернәсіл қоңызға айналғанда өсімдіктерге еш қауіп төндірмейді", - деді Қазиева.
Сарапшы алдағы уақытта бұл жәндіктерді аса қауіпті зиянкестерге жатқызуды ұсынды. Себебі 800 гектар жердің зақымдануы жайылымға үлкен зиян келтіреді.
Зерттеу нәтижесі келер жылы белгілі болады. Ал әзірге жайылымдық жерлерді химиялық өңдеу шаруа қожалықтарының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатыр. Өйткені мемлекет тарапынан шегірткеге қарсы өңдеу жүргізу үшін ғана төлем қарастырылған.