https://sputnik.kz/20220520/almaty-meyramkhana-aspaz-esirtki-24930950.html
Ірі мейрамханалардың аспаздары есірткі саудасымен айналысқан - Алматы полициясы
Ірі мейрамханалардың аспаздары есірткі саудасымен айналысқан - Алматы полициясы
Sputnik Қазақстан
Біреуі жұмыс орнында ұсталды 20.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-20T07:43+0500
2022-05-20T07:43+0500
2022-05-20T08:12+0500
өңірлер
алматы
мейрамхана
есірткі
https://sputnik.kz/img/07e6/05/13/24928320_0:248:1201:923_1920x0_80_0_0_5fa6a2822156339db5e0642bb7ec6dc2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр - Sputnik. Алматыда ірі мейрамханалардың аспаздары есірткі саудасымен айналысқан. Олар гашиш сатып алған соң ұсталды, деп хабарлады Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов. Мейрамханалардың есірткі сату фактісін қаланың есірткі қылмысына қарсы қызметі анықтаған. Осыдан кейін полицейлер ақпаратты тексеруге кірісті."Күдіктілердің қылмыстық әрекеті расталып, ресми түрде құжат толтырылды. "Гашиш" есірткісін сатып алған соң элиталық мейрамхананың бірінің аспазы - 1973 жылы туған азамат М. жұмыс орнында ұсталды. Сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты жерінде тінту кезінде екі сіріңке қорабына салынған гашиш және сығымдалған гашиш салынған дөңгелек бума есірткі табылды", - деді Әбдірахманов.Сондай-ақ есірткі сатумен айналысатын аспаз әйел, 1980 жылы туған Д. есімді азамат ұсталды. Әйелдің Алматы облысы Қарасай ауданында ұнтақ заты бар пакет жасырғаны анықталды. Сот-химиялық сараптама жүргізіліп жатыр. Екі факті бойынша да 297-баптың 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді.
https://sputnik.kz/20210701/toy-aspaz-sorpa-17495763.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/13/24928320_0:135:1201:1035_1920x0_80_0_0_9989d695b2c214a288428d9ec613d4ea.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, мейрамхана, есірткі
алматы, мейрамхана, есірткі
Ірі мейрамханалардың аспаздары есірткі саудасымен айналысқан - Алматы полициясы
07:43 20.05.2022 (жаңартылды: 08:12 20.05.2022) Біреуі жұмыс орнында ұсталды
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр - Sputnik. Алматыда ірі мейрамханалардың аспаздары есірткі саудасымен айналысқан. Олар гашиш сатып алған соң ұсталды, деп хабарлады Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.
Мейрамханалардың есірткі сату фактісін қаланың есірткі қылмысына қарсы қызметі анықтаған. Осыдан кейін полицейлер ақпаратты тексеруге кірісті.
"Күдіктілердің қылмыстық әрекеті расталып, ресми түрде құжат толтырылды. "Гашиш" есірткісін сатып алған соң элиталық мейрамхананың бірінің аспазы - 1973 жылы туған азамат М. жұмыс орнында ұсталды. Сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты жерінде тінту кезінде екі сіріңке қорабына салынған гашиш және сығымдалған гашиш салынған дөңгелек бума есірткі табылды", - деді Әбдірахманов.
Сондай-ақ есірткі сатумен айналысатын аспаз әйел, 1980 жылы туған Д. есімді азамат ұсталды. Әйелдің Алматы облысы Қарасай ауданында ұнтақ заты бар пакет жасырғаны анықталды. Сот-химиялық сараптама жүргізіліп жатыр. Екі факті бойынша да 297-баптың 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді.