https://sputnik.kz/20220519/zyq-tulik-ulttyq-bank-24927171.html
Барлық өңірде азық-түлік қымбаттады – Ұлттық банк
Барлық өңірде азық-түлік қымбаттады – Ұлттық банк
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. 2022 жылдың сәуір айында елде жылдық инфляция 13,2%-ке (наурызда – 12,0%) жеделдеді. Жылдық инфляцияның қарқыны барлық 17... 19.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-19T19:55+0500
2022-05-19T19:55+0500
2023-08-10T17:15+0500
инфляция
азық-түлік
https://sputnik.kz/img/318/09/3180979_0:183:3505:2154_1920x0_80_0_0_1a42542d656e9396ff84cf30c260cad4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. 2022 жылдың сәуір айында елде жылдық инфляция 13,2%-ке (наурызда – 12,0%) жеделдеді. Жылдық инфляцияның қарқыны барлық 17 өңірде сезілді, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.Бұл үрдіс, әсіресе, Түркістан облысында (наурыздағы 12,9%-тен сәуірде 15,5%-ке дейін) анық байқалды.Сәуірде азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны 17,9%-ке дейін (наурызда – 15,4%) артты. Осы топтағы тауарлардың бағасы Түркістан облысында тым жоғары болды (21,3%).Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны да 11,1%-ке дейін (наурызда – 10,9%) жылдамдады. Ең жоғары мән Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында (12,4%-тен), ал ең аз мән Шымкент қаласында (9,2%) тіркелді.Ақылы қызметтің бағасы сәуірде 8,9%-ке өсті (наурызда – 8,3%), бұл ретте жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары баға Шығыс Қазақстан облысында (10,8%), біршама төмен Ақтөбе облысында (6,6%) байқалды.2022 жылдың сәуірінде елде айлық инфляция 2,0% болды, ол соңғы 5 жылдағы (2017-2021 жылдары сәуірде: 0,6%) инфляцияның орташа мәнінен әлдеқайда жоғары.2022 жылдың сәуір айында еліміздің барлық 17 өңірінде баға өзінің орташа тарихи нормасынан жоғары болды. Айлық инфляция Түркістан облысында (3,0%) айтарлықтай жеделдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/318/09/3180979_194:0:3309:2336_1920x0_80_0_0_0c58de2e160cb7625e75699b37785ed4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
инфляция, азық-түлік
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. 2022 жылдың сәуір айында елде жылдық инфляция 13,2%-ке (наурызда – 12,0%) жеделдеді. Жылдық инфляцияның қарқыны барлық 17 өңірде сезілді, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Бұл үрдіс, әсіресе, Түркістан облысында (наурыздағы 12,9%-тен сәуірде 15,5%-ке дейін) анық байқалды.
Сәуірде азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны 17,9%-ке дейін (наурызда – 15,4%) артты. Осы топтағы тауарлардың бағасы Түркістан облысында тым жоғары болды (21,3%).
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны да 11,1%-ке дейін (наурызда – 10,9%) жылдамдады. Ең жоғары мән Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында (12,4%-тен), ал ең аз мән Шымкент қаласында (9,2%) тіркелді.
Ақылы қызметтің бағасы сәуірде 8,9%-ке өсті (наурызда – 8,3%), бұл ретте жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары баға Шығыс Қазақстан облысында (10,8%), біршама төмен Ақтөбе облысында (6,6%) байқалды.
2022 жылдың сәуірінде елде айлық инфляция 2,0% болды, ол соңғы 5 жылдағы (2017-2021 жылдары сәуірде: 0,6%) инфляцияның орташа мәнінен әлдеқайда жоғары.
2022 жылдың сәуір айында еліміздің барлық 17 өңірінде баға өзінің орташа тарихи нормасынан жоғары болды. Айлық инфляция Түркістан облысында (3,0%) айтарлықтай жеделдеді.