https://sputnik.kz/20220519/turkistan-oblysy-zher-dauy-24925103.html
Түркістан облысындағы жер дауы: әдепсіз сөйлеген ер адам халықтан кешірім сұрады
Түркістан облысындағы жер дауы: әдепсіз сөйлеген ер адам халықтан кешірім сұрады
Sputnik Қазақстан
Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Енді ол сот алдында жауап береді 19.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-19T17:27+0500
2022-05-19T17:27+0500
2022-05-19T17:34+0500
ұлтаралық алауыздық
https://sputnik.kz/img/593/97/5939774_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_494f13aaef4268c1e4891cdc66ae163f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Түркістан облысының әкімдігі Төле би ауданында болған жер дауына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бүгін әлеуметтік желіде екі ер адамның жанжалдасып тұрған видеосы тарады. Біреуі ұлтаралық араздықты қоздыратын сөздер айтқан. Оқиға орнына полицейлер барып, мәселенің мән-жайын анықтады. Сөйтсе, Төлеби ауданында жайылымдық жер мәселесін талқылау кезінде жанжал шыққан. Жергілікті тұрғындар бір-біріне ауыр сөз айтқан.Жанжалдың ушыққаны сонша, Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы да оқиға орнына барып, жағдайды өз бақылауына алды. Тәртіп сақшыларына қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тиісті тапсырма берілді.Ал әдепсіз сөйлеген ер адам өзінің кінәсін толық мойындап, халық алдында кешірім сұрады. Алайда жауапкершіліктен босатылған жоқ. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабы, 2-бөлігі (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Енді ол сот алдында жауап береді."Қазіргі уақытта ауданда жағдай тұрақты. Полицейлер қандай да бір құқық бұзушылықтар мен арандатушылыққа жол бермеу мақсатында тәулік бойы қызмет атқарып жүр. Ал басқа да құзырлы органдар, қоғамдық бірлестіктер мен еріктілер тобы сақшыларға көмектесіп жатыр", - деп атап өтті әкімдік мамандары.Қылмыстық кодекстің 174-бабының 2-бөлігінде бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Себебі "адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған немесе бiрнеше рет жасалған не күш қолданумен, сол сияқты адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бiрлестiк лидері жасаған әрекеттер" жазаны ауырлататын жағдайлар болып саналады.Айта кетері, бүгін бірқатар БАҚ қазақтар мен өзбектердің арасында кикілжің болғанын жазды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/593/97/5939774_79:0:1786:1280_1920x0_80_0_0_f31413779c3fcb33950df0e7fae94376.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлтаралық алауыздық
Түркістан облысындағы жер дауы: әдепсіз сөйлеген ер адам халықтан кешірім сұрады
17:27 19.05.2022 (жаңартылды: 17:34 19.05.2022) Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Енді ол сот алдында жауап береді
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Түркістан облысының әкімдігі Төле би ауданында болған жер дауына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бүгін әлеуметтік желіде екі ер адамның жанжалдасып тұрған видеосы тарады. Біреуі ұлтаралық араздықты қоздыратын сөздер айтқан. Оқиға орнына полицейлер барып, мәселенің мән-жайын анықтады. Сөйтсе, Төлеби ауданында жайылымдық жер мәселесін талқылау кезінде жанжал шыққан. Жергілікті тұрғындар бір-біріне ауыр сөз айтқан.
Жанжалдың ушыққаны сонша, Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы да оқиға орнына барып, жағдайды өз бақылауына алды. Тәртіп сақшыларына қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тиісті тапсырма берілді.
"Сондай-ақ облыс пен аудан әкімі, прокуратура, полиция, ардагер ақсақалдар, этно-мәдени орталықтардың өкілдері мен басқа да құзыретті органдар халықпен кездесіп, профилактикалық жұмыстар жүргізілді", - дейді әкімдік қызметкерлері.
Ал әдепсіз сөйлеген ер адам өзінің кінәсін толық мойындап, халық алдында
кешірім сұрады. Алайда жауапкершіліктен босатылған жоқ. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабы, 2-бөлігі (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Енді ол сот алдында жауап береді.
"Қазіргі уақытта ауданда жағдай тұрақты. Полицейлер қандай да бір құқық бұзушылықтар мен арандатушылыққа жол бермеу мақсатында тәулік бойы қызмет атқарып жүр. Ал басқа да құзырлы органдар, қоғамдық бірлестіктер мен еріктілер тобы сақшыларға көмектесіп жатыр", - деп атап өтті әкімдік мамандары.
Қылмыстық кодекстің 174-бабының 2-бөлігінде бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Себебі "адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған немесе бiрнеше рет жасалған не күш қолданумен, сол сияқты адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бiрлестiк лидері жасаған әрекеттер" жазаны ауырлататын жағдайлар болып саналады.
Айта кетері, бүгін бірқатар БАҚ қазақтар мен өзбектердің арасында кикілжің болғанын жазды.