https://sputnik.kz/20220519/temeki-tqymbattaydy-24911343.html
Темекі тағы қымбаттайды
Темекі тағы қымбаттайды
Sputnik Қазақстан
Министрдің айтуынша, екі жылдың ішінде темекі акциздары 35 еуроға дейін көтеріледі 19.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-19T10:37+0500
2022-05-19T10:37+0500
2022-05-19T10:37+0500
экономика
темекі
баға
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/18/15285155_0:235:2807:1814_1920x0_80_0_0_192156adc800d1ac58d4e1ba724385d1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. 2024 жылға дейін акциздердің көтерілуімен темекінің бағасы да өседі. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Министрдің айтуынша, екі жылдың ішінде темекі акциздары 35 еуроға дейін көтеріледі. Осылайша, 1 000 дана сигареттің акцизі, шамамен, 16 мың теңге болады. Сондай-ақ, қазіргі кезде үкіметте құрамында қанты бар сусындардың акцизін көтеру мәселесін талқыланып жатыр. Әзірше, нақты бір шешім жоқ. "Акциздің мөлшерлемесі бойынша бір келісімге келген бойда міндетті түрде хабарлаймыз. Сосын парламентке келеміз. Әзірше, осы мәселе талқыланып жатыр", - деп атап көрсетті Жамаубаев. Осы орайда министр үкіметтің негізгі ұстанымын жариялады. Бір жағынан халықтың денсаулығын сақтау қажет, екінші жағынан, кәсіпкерлерге салмақ түспеуі керек.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/18/15285155_39:0:2768:2047_1920x0_80_0_0_8ecc3b4d3c39f01d3cf1b98258695db6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
темекі, баға
Темекі тағы қымбаттайды
Министрдің айтуынша, екі жылдың ішінде темекі акциздары 35 еуроға дейін көтеріледі
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. 2024 жылға дейін акциздердің көтерілуімен темекінің бағасы да өседі. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, екі жылдың ішінде темекі акциздары 35 еуроға дейін көтеріледі.
Осылайша, 1 000 дана сигареттің акцизі, шамамен, 16 мың теңге болады.
"Сонда осы соманы алдымен 1 000 сигаретке бөліп, одан кейін бір пачкада болатын 20 сигаретке көбейтсеңіз, шамамен, 300-350 теңге шығады. Бір пачка сигареттің акцизі сондай болады", - деді Жамаубаев сенат отырысынан кейінгі брифингте.
Сондай-ақ, қазіргі кезде үкіметте құрамында қанты бар сусындардың акцизін көтеру мәселесін талқыланып жатыр. Әзірше, нақты бір шешім жоқ.
"Акциздің мөлшерлемесі бойынша бір келісімге келген бойда міндетті түрде хабарлаймыз. Сосын парламентке келеміз. Әзірше, осы мәселе талқыланып жатыр", - деп атап көрсетті Жамаубаев.
Осы орайда министр үкіметтің негізгі ұстанымын жариялады. Бір жағынан халықтың денсаулығын сақтау қажет, екінші жағынан, кәсіпкерлерге салмақ түспеуі керек.