Қоғам

Шымкентте күдікті суицид жасады: тергеу изоляторының қызметкерлері жауапқа тартылды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуАрхив
Архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2022
Жазылу
Ол қолының тамырын кесіп, көп мөлшерде қан жоғалтқан
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Шымкентте тергеу изоляторында кісі өлтірді деген күдікті суицид жасады.
Ол қолының тамырын кесіп, көп мөлшерде қан жоғалтқан.
Қалалық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, 1962 жылы туған ер адам өзіне қол жұмсау кезінде бейнебақылау камерасына түсіп қалмау үшін көрпемен бүркенген.
Мекеме қызметкерлері жедел жәрдем бригадасын шақырды. Алайда көп қан жоғалтқандықтан күдікті олар келгенге дейін көз жұмды.
Ведомство оқиға 20 сәуірде болғанын атап өтті. Тергеу материалдарына сәйкес, суицид түнгі уақытта жасалған.
Аталған фактіге қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп, бірқатар қызметкер жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады департаменттегілер.
Жаңалықтар
0