Қоғам

"Семей машина жасау зауытының" лауазымды тұлғалары 1 млрд теңге жымқырған

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2022
Жазылу
Зауыт танктер үшін жаңа қозғалтқыштардың орнына ескісін жеткізіп отырған
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "Семей машина жасау зауыты" АҚ лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын жүзеге асыру барысында аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлағанын анықтады.
ҚМА баспасөз қызметінің ақпаратынша, зауыттың лауазымды тұлғалары 2018 жылдан бері қосалқы бөлшектер мен материалдардың құнын екі-үш есе арттыру арқылы ақша ұрлаған. Тергеу барысында бюджет қаржысын жымқырудың 5 фактісі тіркелді.
"Семей машина жасау зауыты" АҚ бас директорының бірінші орынбасары К.Р.Сүлейменов әскери бөлімдерге 2017-2018 жылдары шыққан жаңа қозғалтқыштарды емес, техникалық сипаттамаға сай келмейтін және одан ары қолдануға жарамсыз 1985-2012 жылдары шыққан қозғалтқыштарды жеткізіп отырған.
"Зауыт қызметкерлері Сүлейменовтің нұсқауымен қозғалтқыштарды қалпына келтіріп, оларды бояп, ұсақ жөндеу жұмыстарын жүргізген. Осыдан кейін "СМЗ" АҚ сериялық нөмірлерін қойған. Яғни ұзақ уақыт қолданыста болған қозғалтқыштар жаңа қозғалтқыштарға ұқсап қалған", - деп хабарлады агенттіктегілер.
Сондай-ақ Сүлейменов 368 дана қысқы танк шлемофондарын жеткізуге бөлінген бюджет қаражатын ұрлау үшін зауытқа бұрын қолданылған және техникалық спецификасының талаптарына сай келмейтін қысқы шлемофондарды (2007-2009 және 1988 жылы жасалған) жеткізген. Қол астындағы жұмысшылар шлемофондарды тазалап, шығарылу мерзімін 2020 жылға ауыстырған.
"Шығынның жалпы сомасы 1, 079 млрд теңгені құраған", - деп атап өтті агенттік.
Аталған қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Семей қаласы №2 сотының үкімімен "СМЗ" АҚ басшысының бірінші орынбасары К.Сүлейменов кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айрылды.
Ссот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
0