https://sputnik.kz/20220519/referendum-2022-qazaqstan-resey-24921462.html
Референдум-2022: қазақстандықтар Ресейдің 5 қаласында дауыс бере алады
Референдум-2022: қазақстандықтар Ресейдің 5 қаласында дауыс бере алады
Sputnik Қазақстан
Сайлау учаскесіне Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлігін алып бару қажет 19.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-19T15:35+0500
2022-05-19T15:35+0500
2022-05-19T15:35+0500
референдум
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0c/24777554_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_a333fed9bf1ffc91d02b04c5f4bea509.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. 2022 жылдың 5 маусымында мемлекет басшысының жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтеді."Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы жалпыхалықтық дауыс беруге шығарылады, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігі.18 жасқа толған қазақстандықтар Мәскеу қаласы, Чистопрудный бульвары, 3 "А" мекенжайында орналасқан Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде дауыс беруге қатыса алады. Мұнда №265 сайлау учаскесі Мәскеу уақыты бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.Мәскеуден бөлек, Қазақстанның бас консулдықтарындағы сайлау учаскелерінде жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін дауыс беруге болады:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0c/24777554_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_bce769d4ffdd8b1383796cdcb1c6cb98.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
референдум
Референдум-2022: қазақстандықтар Ресейдің 5 қаласында дауыс бере алады
Сайлау учаскесіне Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлігін алып бару қажет
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. 2022 жылдың 5 маусымында мемлекет басшысының жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтеді.
"Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы жалпыхалықтық дауыс беруге шығарылады, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігі.
18 жасқа толған қазақстандықтар Мәскеу қаласы, Чистопрудный бульвары, 3 "А" мекенжайында орналасқан Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде дауыс беруге қатыса алады. Мұнда №265 сайлау учаскесі Мәскеу уақыты бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Мәскеуден бөлек, Қазақстанның бас консулдықтарындағы сайлау учаскелерінде жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін дауыс беруге болады:
Санкт-Петербург қаласы – Рылеев көшесі, 10, №290 сайлау учаскесі;
Қазан қаласы – Карл Маркс көшесі, 8/13, №301 сайлау учаскесі;
Астрахань қаласы – Акварельная көшесі, 2 "Б", № 291 сайлау учаскесі;
Омбы қаласы – Шоқан Уәлиханов көшесі, 9, №292 сайлау учаскесі.