Қоғам

ҚТЖ ғимаратына жарылғыш зат қойылды: жалған ақпаратқа қатысты іс қозғалды

© Sputnik / СтрингерҚТЖ ғимаратынан адамдарды эвакуациялау
ҚТЖ ғимаратынан адамдарды эвакуациялау - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының ғимаратынан жарылғыш зат табылмады, деп хабарлады Нұр-сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Кеше, 18 мамырда, "102" арнасына "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясынан ғимаратқа мина қойылғаны туралы шұғыл хабар түсті. Ақпаратқа сәйкес, акционерлік қоғамның электронды поштасына белгісіз біреуден ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы хат түскен. Арнайы қызмет ғимараттағы адамдар эвакуациялады. Тексеру барысында ақпарат расталмады. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ", - делінген хабарламада.
Департамент берген ақпаратқа сәйкес, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Жедел-іздестіру шарасы жүріп жатыр. Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жарылғыш зат туралы көрінеу жалған хабарлау қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.
Жаңалықтар
0