https://sputnik.kz/20220519/qazaqstanda-qanday-infektsiyaga-qarsy-tegin-ekpe-salynady-24767481.html
Қазақстанда қандай инфекцияға қарсы тегін екпе салынады
Қазақстанда қандай инфекцияға қарсы тегін екпе салынады
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда жүргізілетін Ұлттық профилактикалық екпе күнтізбесі үкіметтің 2020 жылдың 24 қыркүйегіндегі қаулысымен бекітілген. 19.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-19T14:15+0500
2022-05-19T14:15+0500
2022-05-19T14:15+0500
инфографика
вакцина
инфекция
екпе
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0c/24772419_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_0a5f1f1c585387d5eebf46f82af5b10a.png
Қазақстанда жүргізілетін Ұлттық профилактикалық екпе күнтізбесі үкіметтің 2020 жылдың 24 қыркүйегіндегі қаулысымен бекітілген.Қазір республикалық бюджет есебінен күнтізбеге В вирусты гепатиті, дифтерия, көкжөтел, қызылша, қызамық, полиомиелит, сіреспе, туберкулез, эпидемиялық паротит, гемофильді және пневмококк инфекциясы сынды 11 инфекцияға қарсы екпе енгізілген.Жергілікті бюджет есебінен 2 жасар балаларға А вирусты гепатитіне қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Дәл осы аурулар халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді және эпидемия туындағанға дейін адамдар арасында таралу қаупі жоғары болып саналады.Ұлттық күнтізбеге енген инфекциялардан басқа да қауіпті аурулар бар. Олар - Сібір жарасы, туляремия, іш сүзегі, оба, кене энцефалиті, тұмау. Оларға қарсы екпе азаматтарға жұқпалы ауру қаупі төнген кезде, сондай-ақ эндемиялық аймақтарға баратын немесе сондай аймақта тұрақты тұратын адамдарға эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша егіледі.Қазақстанда вакциналау тегін жүргізіледі. Ол барлық қазақстандық үшін, сонымен қатар басқа елдерден келген қонақтар үшін әркезде қолжетімді.Дүниежүзілік иммундау апталығы кезінде барлық адам мекенжай бойынша тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан тұрғылықты жері бойынша емханада вакцина салғыза алады.Иммундау үшін Қазақстан заңнамасына сәйкес тіркелген және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған отандық және шетелдік иммунобиологиялық препараттар қолданылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0c/24772419_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_29ca6454235f78b588b432ae9c4af121.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
вакцина, инфекция, екпе, инфографика
вакцина, инфекция, екпе, инфографика
Қазақстанда жүргізілетін Ұлттық профилактикалық екпе күнтізбесі үкіметтің 2020 жылдың 24 қыркүйегіндегі қаулысымен бекітілген.
Қазір республикалық бюджет есебінен күнтізбеге В вирусты гепатиті, дифтерия, көкжөтел, қызылша, қызамық, полиомиелит, сіреспе, туберкулез, эпидемиялық паротит, гемофильді және пневмококк инфекциясы сынды 11 инфекцияға қарсы екпе енгізілген.
Жергілікті бюджет есебінен 2 жасар балаларға А вирусты гепатитіне қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Дәл осы аурулар халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді және эпидемия туындағанға дейін адамдар арасында таралу қаупі жоғары болып саналады.
Ұлттық күнтізбеге енген инфекциялардан басқа да қауіпті аурулар бар. Олар - Сібір жарасы, туляремия, іш сүзегі, оба, кене энцефалиті, тұмау. Оларға қарсы екпе азаматтарға жұқпалы ауру қаупі төнген кезде, сондай-ақ эндемиялық аймақтарға баратын немесе сондай аймақта тұрақты тұратын адамдарға эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша егіледі.
Қазақстанда вакциналау тегін жүргізіледі. Ол барлық қазақстандық үшін, сонымен қатар басқа елдерден келген қонақтар үшін әркезде қолжетімді.
Дүниежүзілік иммундау апталығы кезінде барлық адам мекенжай бойынша тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан тұрғылықты жері бойынша емханада вакцина салғыза алады.
Иммундау үшін Қазақстан заңнамасына сәйкес тіркелген және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған отандық және шетелдік иммунобиологиялық препараттар қолданылады.