https://sputnik.kz/20220519/qazaq-orys-universiteti-zan-buzushylyqtar-24928346.html
Ақтөбедегі Қазақ-орыс университетінің жұмысында өрескел заң бұзушылықтар анықталды
Ақтөбедегі Қазақ-орыс университетінің жұмысында өрескел заң бұзушылықтар анықталды
Sputnik Қазақстан
Студенттердің білім нәтижесі де көңіл көншітпейді, олардың 96%-ы шекті деңгейден өте алмады 19.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-19T20:31+0500
2022-05-19T20:31+0500
2023-08-09T12:17+0500
білім және ғылым министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e6/03/01/23194196_0:151:2964:1818_1920x0_80_0_0_9f105b7316da07499455a85d052f1674.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Ақтөбедегі Қазақ-орыс халықаралық университетінің жұмысында өрескел заң бұзушылықтар анықталды.Студенттерге дәрісті біліктілік талаптарына сай келмейтін оқытушылар оқығаны анықталды.Университетте оқу кабинеттері мен зертханалық база жетіспейді. Кейбір кабинеттер санитарлық талаптарға сай емес. Студенттер мен оқытушылар туралы нақты деректер ҰБДҚ мәліметтеріне сәйкес келмейді. Деректер базасында 335 оқушы мен көптеген мұғалім туралы ақпарат жоқ."Профилактикалық бақылау барысында соңғы 5 жылда бірде-бір ғылыми мақаласы жарық көрмеген оқытушылар магистрлік диссертацияларға ғылыми жетекшілік ететіні анықталды және бұлар бұзушылықтардың бір бөлігі ғана", - дейді БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Жарасова.Онымен қоса, университет студенттердің оқу жүктемесі мен оларды қорытынды аттестациядан өткізу талаптарын сақтамайды. Бакалавриат және магистратура студенттері академиялық кредиттерді толық көлемде игермеген.Студенттердің білім нәтижесі де көңіл көншітпейді, олардың 96%-ы шекті деңгейден өте алмады, бұл білім беру қызметінің сапасының төмендігін көрсетеді."Университетке барлық анықталған заң бұзушылықты жоюға уақыт берілді. Алайда Ақтөбедегі Қазақ-орыс халықаралық университеті көптеген заңбұзушылықты жойып, білім сапасын арттырудың орнына, тексеру нәтижесіне шағымданумен уақыт өткізіп жатыр", - атап өтті ведомство.Бірінші сатыдағы соттың шешімімен комитеттің барлық әкімшілік актісі заңды деп танылды, ал университеттің шағымы қанағаттандырылмады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/01/23194196_233:0:2964:2048_1920x0_80_0_0_b322cf3b398ffc0573d011d5606db6f1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
білім және ғылым министрлігі
білім және ғылым министрлігі
Ақтөбедегі Қазақ-орыс университетінің жұмысында өрескел заң бұзушылықтар анықталды
20:31 19.05.2022 (жаңартылды: 12:17 09.08.2023) Студенттердің білім нәтижесі де көңіл көншітпейді, олардың 96%-ы шекті деңгейден өте алмады
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Ақтөбедегі Қазақ-орыс халықаралық университетінің жұмысында өрескел заң бұзушылықтар анықталды.
Студенттерге дәрісті біліктілік талаптарына сай келмейтін оқытушылар оқығаны анықталды.
"Мысалы, "Әуе көлігін пайдалану" мамандығы бойынша базалық білімі бар мұғалім "Мектепке дейінгі тәрбиедегі инновациялық технологиялар" және "Бастауыш мектепте тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі" пәндерінен сабақ береді. Ал дене шынықтыру пәнінің мұғалімі музыкалық өнердің теориясы мен әдістемесі бойынша сабақтар жүргізеді", - деп хабарлады Қазақстанның білім және ғылым министрлігі.
Университетте оқу кабинеттері мен зертханалық база жетіспейді. Кейбір кабинеттер санитарлық талаптарға сай емес. Студенттер мен оқытушылар туралы нақты деректер ҰБДҚ мәліметтеріне сәйкес келмейді. Деректер базасында 335 оқушы мен көптеген мұғалім туралы ақпарат жоқ.
"Профилактикалық бақылау барысында соңғы 5 жылда бірде-бір ғылыми мақаласы жарық көрмеген оқытушылар магистрлік диссертацияларға ғылыми жетекшілік ететіні анықталды және бұлар бұзушылықтардың бір бөлігі ғана", - дейді БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Жарасова.
Онымен қоса, университет студенттердің оқу жүктемесі мен оларды қорытынды аттестациядан өткізу талаптарын сақтамайды. Бакалавриат және магистратура студенттері академиялық кредиттерді толық көлемде игермеген.
Студенттердің білім нәтижесі де көңіл көншітпейді, олардың 96%-ы шекті деңгейден өте алмады, бұл білім беру қызметінің сапасының төмендігін көрсетеді.
"Университетке барлық анықталған заң бұзушылықты жоюға уақыт берілді. Алайда Ақтөбедегі Қазақ-орыс халықаралық университеті көптеген заңбұзушылықты жойып, білім сапасын арттырудың орнына, тексеру нәтижесіне шағымданумен уақыт өткізіп жатыр", - атап өтті ведомство.
Бірінші сатыдағы соттың шешімімен комитеттің барлық әкімшілік актісі заңды деп танылды, ал университеттің шағымы қанағаттандырылмады.