https://sputnik.kz/20220519/qarzhy-ministri-kredit-24911133.html
Қаржы министрі 0,1 проценттік кредиттер кімге берілетінін айтты
Қаржы министрі 0,1 проценттік кредиттер кімге берілетінін айтты
Sputnik Қазақстан
Министрдің айтуынша, 0,1 процент бұл тым төмен мөлшерлеме емес 19.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-19T10:25+0500
2022-05-19T10:25+0500
2022-05-19T10:27+0500
экономика
қаржы министрлігі
кредит
https://sputnik.kz/img/671/89/6718987_0:139:3151:1911_1920x0_80_0_0_3e90b651cc4832253d78be51ccd0cc77.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджеттік кредитердің не себепті төменгі мөлшерлемемен берілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгін сенат отырысынан кейін журналистер әлеуметтік желіде тараған үкімет басшысының қаулысына түсініктеме беруді сұрады. Осы құжатта бюджеттік кредиттер туралы жазылған. Мөлшерлемесі өте төмен, небәрі 0,1 процент. Ондай кредиттер "Бәйтерек" ұлттық холдингі арқылы сан алуан жобаларға таратады. Мәселен, 55 миллиард теңге жүк көліктерінің жетекші белдемелерінің арқалықтарын көбірек шығаруға бөлінді деген мәлімет бар. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ондай бюджеттік кредиттердің бар екенін растады.Оның айтуынша, бюджет қаржысы алдымен квазимемлекеттік компанияларға бөлінеді. Олар өз кезегінде тағы қосымша қаражат тартып, кәсіпкерлерге төмендетілген мөлшерлемемен кредит бере алады. Министрдің айтуынша, 0,1 процент бұл тым төмен мөлшерлеме емес. Себебі бюджеттік кредиттің негізгі мақсаты – кәсіпкерлерге қарызға берілген ақшаның мөлшерлемесін барынша азайту. "Қазіргі кезде нарықтағы теңгемен берілген кредиттің мөлшерлемесі 15 проценттен жоғары. Кәсіпкерлер қиналып жатыр. Біз олардың қолдауымыз керек қой. Банктер кредит бермей жатса, экономика қалай дамиды? Жұмыс орындары қалай ашылады? Өндіріс орындары қалай жұмыс істейді? Оларға айналма ақша керек. Осыған байланысты біз жеңілдетілген процентпен алдымен квазимемлекеттік секторға бөлеміз. Соның арқасында кәсіпкерлер төмен мөлшерлемемен кредит ала алады", - деп атап көрсетті Жамаубаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/671/89/6718987_209:0:2940:2048_1920x0_80_0_0_abd536f2f4f222fd73cd4dbc9d519613.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы министрлігі, кредит
қаржы министрлігі, кредит
Қаржы министрі 0,1 проценттік кредиттер кімге берілетінін айтты
10:25 19.05.2022 (жаңартылды: 10:27 19.05.2022) Министрдің айтуынша, 0,1 процент бұл тым төмен мөлшерлеме емес
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджеттік кредитердің не себепті төменгі мөлшерлемемен берілетінін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін сенат отырысынан кейін журналистер әлеуметтік желіде тараған үкімет басшысының қаулысына түсініктеме беруді сұрады. Осы құжатта бюджеттік кредиттер туралы жазылған. Мөлшерлемесі өте төмен, небәрі 0,1 процент. Ондай кредиттер "Бәйтерек" ұлттық холдингі арқылы сан алуан жобаларға таратады.
Мәселен, 55 миллиард теңге жүк көліктерінің жетекші белдемелерінің арқалықтарын көбірек шығаруға бөлінді деген мәлімет бар.
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ондай бюджеттік кредиттердің бар екенін растады.
Оның айтуынша, бюджет қаржысы алдымен квазимемлекеттік компанияларға бөлінеді. Олар өз кезегінде тағы қосымша қаражат тартып, кәсіпкерлерге төмендетілген мөлшерлемемен кредит бере алады.
"Бюджеттік кредиттер алдымен квазимемлекеттік ұйымдарға беріледі. Ол "Бәйтерек" холдингі немесе Қазақстанның даму банкі болуы мүмкін. Олар өз кезегінде нарықтан тағы кредит алады да, барлық ақшаны араластырады. Сосын нақты секторға жеңілдетілген кредит береді", - деді Жамаубаев журналистерге берген сұхбатында.
Министрдің айтуынша, 0,1 процент бұл тым төмен мөлшерлеме емес. Себебі бюджеттік кредиттің негізгі мақсаты – кәсіпкерлерге қарызға берілген ақшаның мөлшерлемесін барынша азайту.
"Қазіргі кезде нарықтағы теңгемен берілген кредиттің мөлшерлемесі 15 проценттен жоғары. Кәсіпкерлер қиналып жатыр. Біз олардың қолдауымыз керек қой. Банктер кредит бермей жатса, экономика қалай дамиды? Жұмыс орындары қалай ашылады? Өндіріс орындары қалай жұмыс істейді? Оларға айналма ақша керек. Осыған байланысты біз жеңілдетілген процентпен алдымен квазимемлекеттік секторға бөлеміз. Соның арқасында кәсіпкерлер төмен мөлшерлемемен кредит ала алады", - деп атап көрсетті Жамаубаев.