https://sputnik.kz/20220519/qaragandy-oblysy-zhol-24913318.html
Қарағанды облысындағы 800 млн теңгеге салынған жаңа жол қайта жөндеуді қажет етеді
Қарағанды облысындағы 800 млн теңгеге салынған жаңа жол қайта жөндеуді қажет етеді
Sputnik Қазақстан
Аудан билігі мердігерді сотқа берді 19.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-19T11:47+0500
2022-05-19T11:47+0500
2022-05-19T11:47+0500
қоғам
қарағанды облысы
жол
https://sputnik.kz/img/07e6/01/1a/19221872_0:97:1024:673_1920x0_80_0_0_635f871bbb47a0f8ce19fd7be0a500a0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр — Sputnik. Қарағанды облысында жақында ғана 800 миллион теңгеге реконструкцияланған жол үгітіліп жатыр. Қарқаралы ауданының тұрғындары нашар жолдың салдарынан көліктеріне көп шығын жұмсап отыр, деп хабарлайды "Хабар 24". 30 километрге созылып жатқан жолға жарты жыл бұрын жөндеу жүргізілген. Алайда, қазірдің өзінде-ақ әрбір 50 метр сайын терең шұңқыр пайда болған. Қарқаралыдан Аманжолов атындағы ауылға жету үшін көп ой-шұңқырды айналып өтуге тура келеді. Тұрғындар ай сайын көлікті жөндеуге мәжбүрміз деп шағымданып жатыр. Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұл көлік жүктемесі орташа облыстық жол болып саналады. Мұнда бір тәулікте шамамен ондаған ауыр жүк көлігі жүріп өтеді. Бірақ арада екі жыл өтпей-ақ тас жол бүліне бастады. Жүргізушілер мұның бәріне нашар сапада жүргізілген жөндеу жұмыстары себеп деп санайды. Аудан билігі мердігерді сотқа берді. "Жұмыс қабылданды, жол пайдалануға берілді. Бірақ пайдалану кезінде ақаулар анықталды, яғни шұңқыр пайда болып, иірімдер туындады. Сот шешімімен бұл мердігер мекемеге 1 маусымға дейін ақауларды жою бойынша жұмыстарға кірісу міндеттелді", - деп хабарлады Қарқаралы ауданы әкімінің оырнбасары Дидар Қабаев. Жол жабынының қазіргі күйіне қарағанда, мердігерге өз қаражаты есебінен жолды түгелдей дерлік қайта жөндеуіне тура келеді.
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/1a/19221872_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_0512eb2d37305544fb462c64b49b34f9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы, жол
Қарағанды облысындағы 800 млн теңгеге салынған жаңа жол қайта жөндеуді қажет етеді
Аудан билігі мердігерді сотқа берді
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр — Sputnik. Қарағанды облысында жақында ғана 800 миллион теңгеге реконструкцияланған жол үгітіліп жатыр. Қарқаралы ауданының тұрғындары нашар жолдың салдарынан көліктеріне көп шығын жұмсап отыр, деп хабарлайды
"Хабар 24".
30 километрге созылып жатқан жолға жарты жыл бұрын жөндеу жүргізілген. Алайда, қазірдің өзінде-ақ әрбір 50 метр сайын терең шұңқыр пайда болған.
Қарқаралыдан Аманжолов атындағы ауылға жету үшін көп ой-шұңқырды айналып өтуге тура келеді. Тұрғындар ай сайын көлікті жөндеуге мәжбүрміз деп шағымданып жатыр.
"Айтарға сөзіміз жоқ. Асфальт сын көтермейді. Машиналар бұзылып жатыр. Жап-жақсы көлігім сыр беріп тұр", - дейді Қасым Аманжолов атындағы ауыл тұрғыны Жаңабек Арапов.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұл көлік жүктемесі орташа облыстық жол болып саналады. Мұнда бір тәулікте шамамен ондаған ауыр жүк көлігі жүріп өтеді. Бірақ арада екі жыл өтпей-ақ тас жол бүліне бастады. Жүргізушілер мұның бәріне нашар сапада жүргізілген жөндеу жұмыстары себеп деп санайды.
Аудан билігі мердігерді сотқа берді.
"Жұмыс қабылданды, жол пайдалануға берілді. Бірақ пайдалану кезінде ақаулар анықталды, яғни шұңқыр пайда болып, иірімдер туындады. Сот шешімімен бұл мердігер мекемеге 1 маусымға дейін ақауларды жою бойынша жұмыстарға кірісу міндеттелді", - деп хабарлады Қарқаралы ауданы әкімінің оырнбасары Дидар Қабаев.
Жол жабынының қазіргі күйіне қарағанда, мердігерге өз қаражаты есебінен жолды түгелдей дерлік қайта жөндеуіне тура келеді.