Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда екі жерде жол жабылады

© Sputnik / Владислав Водневархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2022
Жазылу
20-22 мамыр аралығында Жеңіс даңғылындағы Бөгенбай батыр даңғылынан бастап Мәскеу көшесіне дейінгі қозғалыс толығымен жабылады
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Қабанабай батыр және Жеңіс даңғылдарында жөндеу жұмыстары байланысты жол жабылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Ресми мәліметке сәйкес, 20 мамырда Қабанбай батыр даңғылының бойымен Қорғалжын тас жолынан Қараөткел көпіріне дейінгі учаскедегі автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады.
Сонымен қатар, 20-22 мамыр аралығында Жеңіс даңғылындағы Бөгенбай батыр даңғылынан бастап Мәскеу көшесіне дейінгі қозғалыс толығымен жабылады.
"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген ресми хабарламада.
Жаңалықтар
0