Видео

Нұр-Сұлтанда Сурдлимпиаданың жүлдегерін қалай қарсы алды – видео

Жазылу
Сурдлимпиада ойындарында қола жүлдегер атанған елордалық спортшы Владимир Нестеровті "Нұрлы жол" вокзалында салтанатты түрде қарсы алды
Перронда спортшыны қалалық спорт басқармасы, спорттағы әріптестері мен достары жеңісімен құттықтады.
Владимир Нестеров – үстел теннисінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының мүшесі, спорт шеберіне үміткер.
Нестеровтың айтуынша, Бразилиядағы Сурдлимпиада ойындары оның әлемдік деңгейдегі алғашқы додасы.
Спортшы қолдау көрсеткен жандарға алғыс білдіріп, өскелең ұрпақты спортпен шұғылдануға шақырды.
Сурдлимпиадада Қазақстан құрамасы атынан 9 спорт түрінен 65 спортшы бақ сынады.
Жаңалықтар
0