https://sputnik.kz/20220519/konstitutsiya-tuzetuler-nazarbaev-otbasy-kepildikter-24912403.html
Конституцияға түзетулер Назарбаевтың отбасына жаңа кепілдіктер бермейді – министрлік
Конституцияға түзетулер Назарбаевтың отбасына жаңа кепілдіктер бермейді – министрлік
Sputnik Қазақстан
Әлеуметтік желіде 5 маусымға жоспарланған республикалық референдумға қатысты кезекті жалған ақпарат тарады 19.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-19T11:16+0500
2022-05-19T11:16+0500
2022-05-19T11:16+0500
қоғам
назарбаев
отбасы
https://sputnik.kz/img/112/27/1122778_0:0:3007:1691_1920x0_80_0_0_06d857a9d0a935a1a82cf2f211d97b34.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Желіде Конституцияға тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасына тиіспеуге кепілдік беретін және оларды өмір бойы қазақстандықтардың салығы есебінен асырауға мүмкіндік беретін түзетулер енгізілетіні туралы ақпарат тарады. Әділет министрлігі мұны жоққа шығарды.Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта тұңғыш президенттің құқықтық мәртебесі "Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы туралы" жеке Конституциялық заңмен реттеледі. Тұңғыш президентке және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі мүлікке қол сұғылмаушылық осы Конституциялық заңда белгіленген."Өз кезегінде, аталған норманы Конституциядан алып тастаған жағдайда, Қазақстан заңнамасын Конституция нормаларына сәйкес келтіру үшін осы заңды жою қажет болады", - деп түсіндірді ведомство.Сондай-ақ Конституциядан тұңғыш президенттің мәртебесіне қатысты норма алынып тасталады.Яғни, референдумға Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық отбасы мүшелерін қазақстандықтардың салығы есебінен асырау туралы түзетулер шығарылатыны туралы ақпарат – жалған, деп хабарлайды StopFake.kz.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/112/27/1122778_120:0:2849:2047_1920x0_80_0_0_34da96f77417af2c95737a63c79ef383.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
назарбаев, отбасы
Конституцияға түзетулер Назарбаевтың отбасына жаңа кепілдіктер бермейді – министрлік
Әлеуметтік желіде 5 маусымға жоспарланған республикалық референдумға қатысты кезекті жалған ақпарат тарады
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Желіде Конституцияға тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасына тиіспеуге кепілдік беретін және оларды өмір бойы қазақстандықтардың салығы есебінен асырауға мүмкіндік беретін түзетулер енгізілетіні туралы ақпарат тарады. Әділет министрлігі мұны жоққа шығарды.
Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта тұңғыш президенттің құқықтық мәртебесі "Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы туралы" жеке Конституциялық заңмен реттеледі. Тұңғыш президентке және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі мүлікке қол сұғылмаушылық осы Конституциялық заңда белгіленген.
"Өз кезегінде, аталған норманы Конституциядан алып тастаған жағдайда, Қазақстан заңнамасын Конституция нормаларына сәйкес келтіру үшін осы заңды жою қажет болады", - деп түсіндірді ведомство.
Сондай-ақ Конституциядан тұңғыш президенттің мәртебесіне қатысты норма алынып тасталады.
"Конституцияға енгізілетін түзетулер жобасы Тұңғыш президентке және оның отбасына жаңа кепілдіктер беруді көздемейді. Керісінше, Конституцияға өзгерістер енгізу туралы заң жобасында Тұңғыш президент мәртебесіне қатысты барлық норманы алып тастау ұсынылды", - делінген хабарламада.
Яғни, референдумға Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық отбасы мүшелерін қазақстандықтардың салығы есебінен асырау туралы түзетулер шығарылатыны туралы ақпарат – жалған, деп хабарлайды
StopFake.kz.