https://sputnik.kz/20220519/almaty-uyymdasqan-qylmystyq-top-24923013.html
Алматыда арнайы жасақ ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады
Алматыда арнайы жасақ ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады
Sputnik Қазақстан
Алматыда еліміздің түкпір-түкпірінен келген үш ер адам мен бір әйел пәтер тонаумен айналысқан 19.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-19T16:45+0500
2022-05-19T16:45+0500
2022-05-19T16:45+0500
ұрлық
пәтер тонау
https://sputnik.kz/img/07e6/05/13/24921229_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_145e7cf1deb93a7caa36d9f475195505.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Алматы қалалық полиция департаменті Алтынсарин мен Шаляпин көшелерінің қиылысында ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Криминалдық полицияның мәліметіне сәйкес, үш ер адам мен бір әйел Ақтөбе, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген. Әуезов ауданында бірнеше пәтерді тонап кеткен."Олар кіреберіс есіктердің кілтін таңдау арқылы бөтен үйлерге түскен. Ерлер ұрлық жасаса, әйел ұрланған мүлікті сатқан. Соның ішінде алтын мен аң терісінен жасалған бұйымдар, сонымен қатар цифрлық техника бар. Қылмыстық топ Алматыда пәтер жалдап тұрған", - дейді полицейлер.Күні кеше ұрылар Алтынсарин мен Шаляпин көшелерінің қиылысында ұсталды. Төртеуі де уақытша ұстау абақтысына қамалды. Полицияға түскен ақпарат бойынша бұған дейін олар Ақтөбе облысында пәтер тонаумен айналысқан."Біз бұл ақпаратты тергеу барысында нақты тексереміз. Алматыда ұрланған мүлікті сату арнасын да анықтаймыз", - дейді криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/13/24921229_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_c9860e33b3284f08439538d994959aaf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұрлық, пәтер тонау
Алматыда арнайы жасақ ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады
Алматыда еліміздің түкпір-түкпірінен келген үш ер адам мен бір әйел пәтер тонаумен айналысқан
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Алматы қалалық полиция департаменті Алтынсарин мен Шаляпин көшелерінің қиылысында ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Криминалдық полицияның мәліметіне сәйкес, үш ер адам мен бір әйел Ақтөбе, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген. Әуезов ауданында бірнеше пәтерді тонап кеткен.
"Олар кіреберіс есіктердің кілтін таңдау арқылы бөтен үйлерге түскен. Ерлер ұрлық жасаса, әйел ұрланған мүлікті сатқан. Соның ішінде алтын мен аң терісінен жасалған бұйымдар, сонымен қатар цифрлық техника бар. Қылмыстық топ Алматыда пәтер жалдап тұрған", - дейді полицейлер.
Күні кеше ұрылар Алтынсарин мен Шаляпин көшелерінің қиылысында ұсталды. Төртеуі де уақытша ұстау абақтысына қамалды. Полицияға түскен ақпарат бойынша бұған дейін олар Ақтөбе облысында пәтер тонаумен айналысқан.
"Біз бұл ақпаратты тергеу барысында нақты тексереміз. Алматыда ұрланған мүлікті сату арнасын да анықтаймыз", - дейді криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.