https://sputnik.kz/20220519/almaty-reketir-dollar-video-24922089.html
Алматыда рэкетир бума-бума доллармен ұсталды – видео
Алматыда рэкетир бума-бума доллармен ұсталды – видео
Sputnik Қазақстан
Рэкетир кәсіпкерді 260 мың доллар тауып бермесең, күш қолданамын деп қорқытқан 19.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-19T21:58+0500
2022-05-19T21:58+0500
2022-05-19T21:58+0500
кәсіпкер
полиция
рэкетир
https://sputnik.kz/img/356/59/3565906_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_4ba1202cf67f412bed40634e11f8c56f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Алматы қаласында кәсіпкерден 260 мың доллар бопсалаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.Полицияға арыз түсірген кәсіпкер бейтаныс ер адамның ақша бопсалап жатқанын айтқан. Рэкетир ойдан шығарылған қарызды желеу етіп, 260 мың доллар талап еткен. Ал ақша табылмаса, күш қолданамын деп қорқытқан.Рэкетир Әл-Фараби даңғылында орналасқан дәмханалардың бірінде ұсталды. Күдікті жақын жерде тұратындықтан кездесуді сол жерге белгілеген.Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 194-бабы 4-бөлігі (Қорқытып алу, күш қолданып жасалған әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдікті қамауға алынды.Айта кетері, бұл бапта үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлінің мүлкі тәркіленеді.
https://sputnik.kz/20220417/shymkent-sheneunikter-aqsha-bopsalagan-bloger-24257331.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/356/59/3565906_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_951c6b81873167422b981fe320d17bbe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кәсіпкер, полиция, рэкетир
кәсіпкер, полиция, рэкетир
Алматыда рэкетир бума-бума доллармен ұсталды – видео
Рэкетир кәсіпкерді 260 мың доллар тауып бермесең, күш қолданамын деп қорқытқан
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Алматы қаласында кәсіпкерден 260 мың доллар бопсалаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полицияға арыз түсірген кәсіпкер бейтаныс ер адамның ақша бопсалап жатқанын айтқан. Рэкетир ойдан шығарылған қарызды желеу етіп, 260 мың доллар талап еткен. Ал ақша табылмаса, күш қолданамын деп қорқытқан.
"Бұл дерек жедел және арнайы іс-шаралар барысында расталды. 41 жастағы Н. есімді азамат кәсіпкерден ірі көлемде ақша талап еткен. Арнайы жасақтың қатысуымен өткізілген іс-шара нәтижесінде күдікті қылмыс үстінде ұсталды. Рұқсат етілген тінту кезінде қаражат тәркіленді. Күдікті кінәсін мойындап отыр", - дейді полицейлер.
Рэкетир Әл-Фараби даңғылында орналасқан дәмханалардың бірінде ұсталды. Күдікті жақын жерде тұратындықтан кездесуді сол жерге белгілеген.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 194-бабы 4-бөлігі (Қорқытып алу, күш қолданып жасалған әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдікті қамауға алынды.
Айта кетері, бұл бапта үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлінің мүлкі тәркіленеді.