Алматыда әйел полицияға пышақ ала жүгірген – оқиғаның мән-жайы

© Sputnik / Anar MustafayevДевушка в наручниках, архивное фото
Девушка в наручниках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Алматыда алаяқ әйелді ұстау кезінде полицейлер жарақат ала жаздады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
36 жастағы әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатуға ықпал жасаймын деп, бірнеше адамды алдаған. Олардың бірі оған 20 мың доллар берген. Алматының тағы бір тұрғыны қылмыстық құқық бұзушылықтың квалификациясын өзгертуге тапсырыс беріпті. Сол үшін 2,5 миллион теңгесін ұстатқан. Артынан екеуі де полицияға арыз түсірген. Ал алаяқ әйелді ұстау кезінде тәртіп сақшылары жарақат алып қала жаздаған.
"М.есімді әйел қала орталығында ұсталды. Ол полицияға белсенді түрде қарсылық көрсетіп, пышақпен тап берген. Бірақ ештеңе шықпады. Одан кейін қатты айғайлап, өтіп бара жатқандардың назарын аударуға тырысты", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі (Аса ірі көлемде алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Мұндай қылмыс үшін бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.
Тәртіп сақшылары ұсталған әйелдің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Оның әрекетінен зардап шеккендер 8-708-707-92-02 және 8-775-774-44-41 телефондары арқылы хабарласа алады.
Жаңалықтар
0