https://sputnik.kz/20220518/shuda-duken-er-adam-24884822.html
Шу тұрғыны дүкеннен екі айда 1,5 млн теңгенің тауарын қолды етті
Шу тұрғыны дүкеннен екі айда 1,5 млн теңгенің тауарын қолды етті
Sputnik Қазақстан
Шу аудандық полиция бөлімі жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді 18.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-18T09:58+0500
2022-05-18T09:58+0500
2022-05-18T10:10+0500
өңірлер
дүкен
https://sputnik.kz/img/1337/53/13375313_0:0:2049:1153_1920x0_80_0_0_8dc1ea4ecbe4e12ee1f10639210581d9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Шу қаласында дүкен сатушысы бірнеше ай бойы алаяққа алданып жүргенін білмеген. Ол бір жарым миллион теңгеден айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция басқармасына сілтеме жасап. Жігіт дүкенге келіп, ылғи ірі сомаға тауар сатып алып жүрген. Ал ақшаны банк қосымшасы арқылы аударған. Барлық чек жалған болып шықты. Алаяқ оны дүкенде тұрғанда қолдан жасап, дүкен сатушысына көрсетіп отырған. Бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Ал сатушы әйел ақшаның түскенін бірден тексермеген. Себебі есепшот қызының ұялы телефонына тіркелген. Осылайша, алаяқ жігіт екі ай бойы дүкеншіні алдап жүрген. Бір күні сатушы ақшаның түскенін білу үшін қызына қоңырау шалған. Сол кезде алаяққа алданғанын бірақ білді. Шу аудандық полиция бөлімі жедел-іздестіру іс-шараларын өткізіп, 26 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол өз кінәсін толық мойындады.Ер адам жалған чектер жасаған. Кейін тауарды тек ірі көлемде сатып алуға тырысқан. Екі ай ішінде кәсіпкер әйелді 1 500 000 теңгеге алдап кеткен. Қазіргі кезде Қылмыстық кодексі 190-бабының 1-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы бапта 1 000 айлық есептiк көрсеткiшке (3 063 000 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарына тарту қарастырылған. Екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы да қолданылуы мүмкін.Полиция департаменті кәсіпкерлерге қырағы болып, тауар сатып алуда қолма-қол ақшасыз төлемді тек банк терминалдары арқылы қабылдау қажеттігін ескертеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1337/53/13375313_91:0:1912:1366_1920x0_80_0_0_2047c596e352494987b9139278383fe3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дүкен
Шу тұрғыны дүкеннен екі айда 1,5 млн теңгенің тауарын қолды етті
09:58 18.05.2022 (жаңартылды: 10:10 18.05.2022) Шу аудандық полиция бөлімі жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді
НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Шу қаласында дүкен сатушысы бірнеше ай бойы алаяққа алданып жүргенін білмеген. Ол бір жарым миллион теңгеден айырылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық полиция басқармасына сілтеме жасап.
Жігіт дүкенге келіп, ылғи ірі сомаға тауар сатып алып жүрген. Ал ақшаны банк қосымшасы арқылы аударған. Барлық чек жалған болып шықты. Алаяқ оны дүкенде тұрғанда қолдан жасап, дүкен сатушысына көрсетіп отырған. Бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалды.
Ал сатушы әйел ақшаның түскенін бірден тексермеген. Себебі есепшот қызының ұялы телефонына тіркелген. Осылайша, алаяқ жігіт екі ай бойы дүкеншіні алдап жүрген. Бір күні сатушы ақшаның түскенін білу үшін қызына қоңырау шалған. Сол кезде алаяққа алданғанын бірақ білді. Шу аудандық полиция бөлімі жедел-іздестіру іс-шараларын өткізіп, 26 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол өз кінәсін толық мойындады.
Ер адам жалған чектер жасаған. Кейін тауарды тек ірі көлемде сатып алуға тырысқан. Екі ай ішінде кәсіпкер әйелді 1 500 000 теңгеге алдап кеткен. Қазіргі кезде Қылмыстық кодексі 190-бабының 1-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы бапта 1 000 айлық есептiк көрсеткiшке (3 063 000 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарына тарту қарастырылған. Екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы да қолданылуы мүмкін.
Полиция департаменті кәсіпкерлерге қырағы болып, тауар сатып алуда қолма-қол ақшасыз төлемді тек банк терминалдары арқылы қабылдау қажеттігін ескертеді.