https://sputnik.kz/20220518/qazaqstan-qyrgyzstan-esirtki-tarkiledi-24888391.html
Қазақстан мен Қырғызстан күш құрылымдары 1,8 млн доллар болатын есірткі тәркіледі
Қазақстан мен Қырғызстан күш құрылымдары 1,8 млн доллар болатын есірткі тәркіледі
Sputnik Қазақстан
Екі елдің жедел қызметкерлері арнайы операция жүргізу барысында құны 1,8 миллион доллар болатын салмағы 30 килограмнан асатын синтетикалық есірткіні тәркіледі 18.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-18T11:18+0500
2022-05-18T11:18+0500
2022-05-18T11:18+0500
оқиға
қазақстан
қырғызстан
есірткі
https://sputnik.kz/img/471/31/4713175_0:126:3193:1922_1920x0_80_0_0_a9b611d29dbf4995245e4798b7ee6b6f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр — Sputnik. Қырғызстан ІІМ Заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес қызметі мен Қазақстанның күш құрылымдарының қызметкерлері бірлесіп Орталық Азияға синтетикалық есірткі тасымалдау және оны интернет арқылы сатумен айналысқандардың тұрақты желісін анықтады. Қырғызстан ІІМ ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін анықтау және қолға түсіру бойынша арнайы операция 2021 жылдың қарашасынан бері дайындалғанын және осы жылдың сәуірінде аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан. Небәрі жарты жылға созылған дайындық жұмыстары кезінде құқық қорғаушылар заңсыз бизнеске қатысы бар жеті адамды анықтады. Олардың үшеу Қырғызстан тумасы және тұрғыны, ал қалған төртеуі қазақстандық азамат екені анықталды. Арнайы операция кеезінде екі есірткі зертханасы жойылды. Зертханалардан жалпы салмағы 31 килограмм 265 грамм есірткі заты, оның ішінде, 25,5 килограмм синтетикалық еесірткі: 19,5 килограмм "Альфа PVP", 6 килограмм мефедрон, 5 – гашиш пен 765 грамм марихуана тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша, есірткінің заңсыз сауда нарығындағы жалпы бағасы 1,8 миллион доллардан асады. Қазіргі уақытта екі елдің күш құрылымдарының өкілдері тергеуді жалғастырып жатыр. Сондықтан тергеу барысында қылмыстық іске қатысы бар азаматтардың саны артуы ықтимал.
қазақстан
қырғызстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/471/31/4713175_231:0:2962:2048_1920x0_80_0_0_2d38256b3be43ef6e2cc9fad3379cff7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, қырғызстан, есірткі
қазақстан, қырғызстан, есірткі
Қазақстан мен Қырғызстан күш құрылымдары 1,8 млн доллар болатын есірткі тәркіледі
Екі елдің жедел қызметкерлері арнайы операция жүргізу барысында құны 1,8 миллион доллар болатын салмағы 30 килограмнан асатын синтетикалық есірткіні тәркіледі
НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр — Sputnik. Қырғызстан ІІМ Заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес қызметі мен Қазақстанның күш құрылымдарының қызметкерлері бірлесіп Орталық Азияға синтетикалық есірткі тасымалдау және оны интернет арқылы сатумен айналысқандардың тұрақты желісін анықтады.
Қырғызстан ІІМ ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін анықтау және қолға түсіру бойынша арнайы операция 2021 жылдың қарашасынан бері дайындалғанын және осы жылдың сәуірінде аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қырғызстан.
Небәрі жарты жылға созылған дайындық жұмыстары кезінде құқық қорғаушылар заңсыз бизнеске қатысы бар жеті адамды анықтады. Олардың үшеу Қырғызстан тумасы және тұрғыны, ал қалған төртеуі қазақстандық азамат екені анықталды.
Арнайы операция кеезінде екі есірткі зертханасы жойылды. Зертханалардан жалпы салмағы 31 килограмм 265 грамм есірткі заты, оның ішінде, 25,5 килограмм синтетикалық еесірткі: 19,5 килограмм "Альфа PVP", 6 килограмм мефедрон, 5 – гашиш пен 765 грамм марихуана тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша, есірткінің заңсыз сауда нарығындағы жалпы бағасы 1,8 миллион доллардан асады.
Қазіргі уақытта екі елдің күш құрылымдарының өкілдері тергеуді жалғастырып жатыр. Сондықтан тергеу барысында қылмыстық іске қатысы бар азаматтардың саны артуы ықтимал.