Қоғам

Қазақстанда Батырхан Шүкеновтің суреті бар монеталар айналымға шығарылды

© SputnikАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2022
Жазылу
18 мамырда әнші Батырхан Шүкеновтің туғанына 60 жыл толды
НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Ұлттық банк Street art. Batyr beinesi коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.
"18 мамырда дарынды композитор және әнші Батырхан Шүкеновтің туғанына 60 жыл толды. Номиналы 500 теңгелік күмістен жасалған Street art. BATYR BEINESI коллекциялық монеталары "Қазақстанды монеталар арқылы таны" атты жаңа серияны ашады", - делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Street art. Batyr beinesi жаңа монетасы заманауи өнер мен Батырхан Шүкеновті мәңгі есте қалдыру секілді бірден екі мағыналық желіні біріктіреді. Бұл – Ұлттық банктің стрит-арт сияқты қазіргі заманғы жастар өнерін қолдауға арналған алғашқы коллаборациялық монета жобасы.
Коллекционные монеты Street art. BATYR BEINESI - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2022
Street art. BATYR BEINESI монеталары
Монетаның дизайнында Қазақстан стрит-артының ең жарқын жұмыстарының бірі — REPAS командасының "Батыр бейнесі" граффитиі бейнеленген. Авторлардың бастамасымен оны монетаның дизайнында пайдалану құқығы Ұлттық банке өтеусіз негізде берілді.
Монеталар proof сапамен күмістен жасалған, сынамасы – 925/1000, салмағы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы – 500 теңгелік, таралымы – 5 000 дана.
Коллекциялық монеталар нақты құнына сай Қазақстанның бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша қабылданады, сондай-ақ банк шоттарында аударуға, ұсақтауға және айырбастауға болады.
Коллекциялық монеталардың сатылымға шығарылатын күні Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша жарияланады.
Жаңалықтар
0