https://sputnik.kz/20220518/qayrat-qudaybergen-qysym-prokuror-24904834.html
Қайрат Құдайбергенге қысым көрсеткен прокурордың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Қайрат Құдайбергенге қысым көрсеткен прокурордың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Адвокат Мұрат Амитовтың хабарлауынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Құдайбергенге қысым көрсеткен қызметкерге... 18.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-18T19:53+0500
2022-05-18T19:53+0500
2022-05-18T19:55+0500
қайрат құдайберген
https://sputnik.kz/img/1223/56/12235657_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_c7b85689d6044d80427f01fcadaf3bf4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Адвокат Мұрат Амитовтың хабарлауынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Құдайбергенге қысым көрсеткен қызметкерге қатысты азаптау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.Бұған дейін мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенге тергеу изоляторында моральдық және психологиялық қысым жасалғаны туралы хабарланған болатын."Тергеу изоляторында отырған өз қорғауымдағы Қайрат Құдайбергенге барған кезде, оның сөзінен Қазақстан бас прокуратурасы ведомствоаралық жедел тергеу тобының қандай да бір қызметкері адвокаттар жоқ кезде Қайраттың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлай отырып, моральдық-психологиялық қысым көрсеткенін білдік. Ол қызметкер менің қорғауымдағы азаматты қажетті айғақтарды бермесең, ұзақ мерзімге түрмеге жабыласың деп қорқытқан", - деп жазды Амитов әлеуметтік желіде.22 сәуірге қараған түні Алматыда қалалық мәслихат депутаты, кәсіпкер Қайрат Құдайберген ұсталып, полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол қаңтар оқиғасын ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінді, деп хабарлады Алматы прокуратурасы.Қаңтардағы тәртіпсіздіктерЕске сала кетейік, Жаңаөзен мен Ақтауда газ бағасы көтерілгеннен кейін басталған бейбіт митингілер Маңғыстау облысында бейбіт аяқталды. Алматы мен басқа облыстарда тұрғындар жаңаөзендіктерді қолдауға шықты, алайда наразылық зорлық-зомбылыққа, тонау мен атысқа ұласты.Осыдан кейін билік наразылықты "мемлекеттік төңкеріс" ұйымдастырмақ болғандар пайдаланғанын мәлімдеп, тәртіпсіздіктерге лаңкестік бандаларды айыптады.Қанды қаңтар оқиғасында 230 адам көз жұмды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1223/56/12235657_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_de9a03a885255fb858241ff261557601.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қайрат құдайберген
НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Адвокат Мұрат Амитовтың хабарлауынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Құдайбергенге қысым көрсеткен қызметкерге қатысты азаптау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Бұған дейін мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенге тергеу изоляторында моральдық және психологиялық қысым жасалғаны туралы хабарланған болатын.
"Тергеу изоляторында отырған өз қорғауымдағы Қайрат Құдайбергенге барған кезде, оның сөзінен Қазақстан бас прокуратурасы ведомствоаралық жедел тергеу тобының қандай да бір қызметкері адвокаттар жоқ кезде Қайраттың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлай отырып, моральдық-психологиялық қысым көрсеткенін білдік. Ол қызметкер менің қорғауымдағы азаматты қажетті айғақтарды бермесең, ұзақ мерзімге түрмеге жабыласың деп қорқытқан", - деп жазды Амитов әлеуметтік желіде.
22 сәуірге қараған түні Алматыда қалалық мәслихат депутаты, кәсіпкер Қайрат Құдайберген ұсталып, полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол қаңтар оқиғасын ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінді, деп хабарлады Алматы прокуратурасы.
Қаңтардағы тәртіпсіздіктер
Еске сала кетейік, Жаңаөзен мен Ақтауда газ бағасы көтерілгеннен кейін басталған бейбіт митингілер Маңғыстау облысында бейбіт аяқталды. Алматы мен басқа облыстарда тұрғындар жаңаөзендіктерді қолдауға шықты, алайда наразылық зорлық-зомбылыққа, тонау мен атысқа ұласты.
Осыдан кейін билік наразылықты "мемлекеттік төңкеріс" ұйымдастырмақ болғандар пайдаланғанын мәлімдеп, тәртіпсіздіктерге лаңкестік бандаларды айыптады.
Қанды қаңтар оқиғасында 230 адам көз жұмды.