Қоғам

Иманғали Тасмағамбетов жаңа қызметке кірісті

© Sputnik / Владислав ВодневИманғали Тасмағамбетов
Иманғали Тасмағамбетов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2022
Жазылу
Құрметті президент болып Нұртай Әбіқаев тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр - Sputnik. Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан гольф федерациясының президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
"Қазақстан гольф федерациясының бас хатшысы Ербол Бұхарбаевтың айтуынша, федерация төралқасы отырысының шешімімен Иманғали Нұрғалиұлы гольф федерациясының президенті болып сайланды. Құрметті президент болып Әбіқаев Нұртай Әбіқайұлы тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ол - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы.
Иманғали Тасмағамбетов әр жылдары президенттің көмекшісі, премьер-министр, Атырау облысының, Алматы мен Нұр-Сұлтанның әкімі қызметтерін атқарған.
Оның соңғы ресми лауазымы - 2017-2019 жылдары Қазақстанның Ресейдегі елшісі. Осыдан кейін зейнетке шықты.
Иманғали Тасмағамбетов - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2018
Дерекқор
Мұғалім, премьер, елші: Иманғали Тасмағамбетов туралы не білеміз?
Жаңалықтар
0