Экономика

Арнайы экономикалық аймақтардағы заңбұзушылықтар: 24 лауазымды тұлға жазаланды

© Photo : пресс-служба премьер-министра Республики КазахстанАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Есеп комитеті былтыр арнайы экономикалық аймақтардың (АЭА) тиімділігіне жүргізілген аудиттен кейін қолға алынған шаралар туралы айтты.
АЭА жұмысының аудиты 2021 жылы маусымда аяқталды. Тексерістің арқасында арнайы экономикалық аймақтардың қызметі туралы заңның бұзылғаны анықталды.
Атап айтқанда, АЭА қатысушылары туралы мәліметтерді өзектендіру мерзімділігі мен тәртібі реттелмеген, 2020 жылдағы АЭА қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілмеген, құрылған АЭА-ларды дамыту стратегиясы уақытында келісілмеген.
Тексерістен кейін тиісті бақылау жасамағаны үшін 24 лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Соның ішінде 12 лауазымды тұлғаға сөгіс жарияланса, 11 шенеунік ескерту алды және бір жоғары шенді қызметкер жұмыстан шығарылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Өңірлер
Тоқаев Атырау облысындағы арнайы экономикалық аймақтың жұмысын сынға алды
Бұдан бөлек, АЭА-ның барлық тоғыз басқарушы компаниясы ("Астана – Технополис", "Сарыарқа", "Ұлттық индустриялды мұнай-химия технопаркі", "Ақтау теңіз порты", "Қорғас – Шығыс қақпасы", "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы", "Алатау" технопаркі", "Оңтүстік", "TURKISTAN" ЖШС) құрылыс жұмыстарын созған немесе сапалы орындамаған АЭА қатысушыларымен келісімшартты бұзды.
Сондай-ақ "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын қоспағанда, бүкіл АЭА мамандарды даярлау мен қайта даярлау үшін жағдай жасады.
Жаңалықтар
0