https://sputnik.kz/20220517/zhenildetilgen-avtokredit-otinim-24860440.html
Жеңілдетілген автокредит: алғашқы күні 2 мыңнан аса өтінім түсті
Жеңілдетілген автокредит: алғашқы күні 2 мыңнан аса өтінім түсті
Sputnik Қазақстан
Банк Центр кредит 1010, ал Еуразиялық банк 1200 өтінім қабылдады 17.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-17T11:22+0500
2022-05-17T11:22+0500
2022-05-17T11:22+0500
кредит
автокөлік
https://sputnik.kz/img/07e6/05/10/24828669_0:0:1662:935_1920x0_80_0_0_96a08551eb30d636cecd20c6900add46.png
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Кеше, 16 мамыр жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бойынша 2,2 мың өтінім түсті. Әзірге өтінімді екі банк қана қабылдап жатыр. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Осы орайда министр автосалондардағы кешегі дүрбелең мен ұзын-сонар кезекке қатысты да пікір білдірді."Бұл әдеттегі процедура. Үкімет уәде бергендей, 16 мамырда банктер өтінім қабылдай бастайды. Бұл да біздің мәдениетіміз ғой, егер бәріміз бір уақытта, таңғы сегіз-тоғызда бармасақ, мұндай кезек болмас еді. Қазір мысалы ұзын-сонар кезек жоқ", - деді ол.Еске салсақ, 16 мамырда 4%-тік жеңілдетілген автокредит бағдарламасы басталды. 16 мамыр түстен кейін өтінімдерді тек Банк Центркредит пен Еуразиялық банк қабылдады. Қалған банктер аптаның соңына қарай қосылады.Жалпы автокредитті барлығы төрт банк – Халық банкі, Банк Центркредит, Forte Bank және Еуразиялық банк береді.
https://sputnik.kz/20220516/4-tik-avtokredit-qalay-beriledi-video-24847316.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/10/24828669_0:0:1662:1247_1920x0_80_0_0_e575fc49c78f71c3ba3638e0dacdcadc.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит, автокөлік
Жеңілдетілген автокредит: алғашқы күні 2 мыңнан аса өтінім түсті
Банк Центр кредит 1010, ал Еуразиялық банк 1200 өтінім қабылдады
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Кеше, 16 мамыр жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бойынша 2,2 мың өтінім түсті. Әзірге өтінімді екі банк қана қабылдап жатыр. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Кеше Банк Центр кредит 1010 өтінім, ал Еуразиялық банк 1200 өтінім қабылдады. Қазір олар өңделіп жатыр. Яғни бір күнде екі мыңнан астам өтінім түсті", - деді Өскенбаев үкімет кулуарында.
Осы орайда министр автосалондардағы кешегі дүрбелең мен ұзын-сонар кезекке қатысты да пікір білдірді.
"Бұл әдеттегі процедура. Үкімет уәде бергендей, 16 мамырда банктер өтінім қабылдай бастайды. Бұл да біздің мәдениетіміз ғой, егер бәріміз бір уақытта, таңғы сегіз-тоғызда бармасақ, мұндай кезек болмас еді. Қазір мысалы ұзын-сонар кезек жоқ", - деді ол.
Еске салсақ, 16 мамырда 4%-тік жеңілдетілген автокредит бағдарламасы басталды. 16 мамыр түстен кейін өтінімдерді тек Банк Центркредит пен Еуразиялық банк қабылдады. Қалған банктер аптаның соңына қарай қосылады.
Жалпы автокредитті барлығы төрт банк – Халық банкі, Банк Центркредит, Forte Bank және Еуразиялық банк береді.