https://sputnik.kz/20220517/zaysan-qytay-gaz-danial-akhmetov-24865906.html
Зайсаннан Қытайға газ тасымалдау тоқтатылды – Даниал Ахметов не дейді
Зайсаннан Қытайға газ тасымалдау тоқтатылды – Даниал Ахметов не дейді
Sputnik Қазақстан
Жергілікті халық бірнеше жылдан кейін газ тауысылатынын айтып, оны көрші елге тасымдалдау жұмыстарын тоқтатуды талап еткен 17.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-17T13:56+0500
2022-05-17T13:56+0500
2022-05-17T13:56+0500
газ
шығыс қазақстан
https://sputnik.kz/img/16/81/168197_0:0:3356:1889_1920x0_80_0_0_7cb8945917a932f0da8dba985cf0e898.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Зайсан ауданындағы Сарыбұлақ кен орнынан Қытайға газ тасымалдаудың тоқтатылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бұған дейін Сарыбұлақ кен орнындағы газдың қоры 10-12 жылға жетеді деген ақпарат болған. Көгілдір отынды Зайсан қаласының тұрғындары тұтынып отыр. Оған қоса, бір бөлігі Қытайға жіберіледі. Жергілікті халық көрші елге газ тасымдалдау жұмыстарын тоқтатуды талап еткен. Әйтпесе, бірнеше жылдан кейін табиғи ресурс толығымен тауысылады. Аймақ басшысы жергілікті халықпен келісіп отыр.Айта кетері, энергетика министрі Болат Ақшолақов та осы мәселеге қатысты өз ойын айтқан. Ол Зайсан тұрғындарының талабы ескерілетінін, сондай-ақ арнайы комиссия құрылатынын мәлімдеген болатын.
https://sputnik.kz/20220426/qazaqstan-gaz-qymbat-24463049.html
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/16/81/168197_319:0:3050:2048_1920x0_80_0_0_8976a644a09780500813a997a6e3ae08.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ, шығыс қазақстан
Зайсаннан Қытайға газ тасымалдау тоқтатылды – Даниал Ахметов не дейді
Жергілікті халық бірнеше жылдан кейін газ тауысылатынын айтып, оны көрші елге тасымдалдау жұмыстарын тоқтатуды талап еткен
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Зайсан ауданындағы Сарыбұлақ кен орнынан Қытайға газ тасымалдаудың тоқтатылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бұған дейін Сарыбұлақ кен орнындағы газдың қоры 10-12 жылға жетеді деген ақпарат болған. Көгілдір отынды Зайсан қаласының тұрғындары тұтынып отыр. Оған қоса, бір бөлігі Қытайға жіберіледі. Жергілікті халық көрші елге газ тасымдалдау жұмыстарын тоқтатуды талап еткен. Әйтпесе, бірнеше жылдан кейін табиғи ресурс толығымен тауысылады. Аймақ басшысы жергілікті халықпен келісіп отыр.
"Әрине, қазір экспортты тоқтату қажет. Оны уақытша тоқтаттық. Енді бірлескен топ ары қарай жұмыс істейді. Осы жұмыстың нәтижесін күтейік. Халыққа қажетті шешім болуы қажет", - деді Ахметов үкімет отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетері, энергетика министрі Болат Ақшолақов та осы мәселеге қатысты өз ойын айтқан. Ол Зайсан тұрғындарының талабы ескерілетінін, сондай-ақ арнайы комиссия құрылатынын мәлімдеген болатын.