https://sputnik.kz/20220517/ukimet-zhanar-zhagar-may-narygy-24873605.html
Үкімет теміржолға иелік ететін 25 компанияны мемлекеттік меншікке алады
Үкімет теміржолға иелік ететін 25 компанияны мемлекеттік меншікке алады
Sputnik Қазақстан
Мемлекеттік меншікке ұзындығы 178 шақырым болатын 138 кірме теміржолына иелік ететін тағы 25 компанияны қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр 17.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-17T18:56+0500
2022-05-17T18:56+0500
2022-05-17T18:56+0500
экономика
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e6/04/1a/24466846_0:304:3101:2048_1920x0_80_0_0_d1a443c4a23c0232ee2764318d4546e3.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Бұған дейін жауапты мемлекеттік органдарға салалық объектілер мен ұйымдарды жекешелендірудің негізділігіне, оның ішінде жеке операторларды құру тұрғысынан талдау жүргізу тапсырылған болатын.Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бірқатар коммуникациялық, инфрақұрылымдық және өндірістік компанияны мемлекеттік меншікке беру ұсынылды.Мемлекеттік меншікке ұзындығы 178 шақырым болатын 138 кірме теміржолына иелік ететін тағы 25 компанияны қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.Аталған компаниялардың мемлекет меншігіне қабылдануы темір жол инфрақұрылымы саласында делдалдарды болдырмауға және осы қызметтерге бизнес шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.Сондай-ақ комиссия отырысында жекешелендірудің кешенді жоспарынан халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін (жылумен, электрмен, сумен жабдықтау және басқа да коммуналдық қызметтер) 205 объектіні алып тастау мәселесі талқыланды.Сонымен қатар комиссия жанар-жағар май нарығын, газ саласын және өңірлік электр желілік компанияларды демонополизациялау шараларын қарады.Премьер-министр осы бағыттарда жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру үшін барлық қажетті құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелерді пысықтауды тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/1a/24466846_133:0:2864:2048_1920x0_80_0_0_7edd7521a483f73eade01001f43742c3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет
Үкімет теміржолға иелік ететін 25 компанияны мемлекеттік меншікке алады
Мемлекеттік меншікке ұзындығы 178 шақырым болатын 138 кірме теміржолына иелік ететін тағы 25 компанияны қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Бұған дейін жауапты мемлекеттік органдарға салалық объектілер мен ұйымдарды жекешелендірудің негізділігіне, оның ішінде жеке операторларды құру тұрғысынан талдау жүргізу тапсырылған болатын.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бірқатар коммуникациялық, инфрақұрылымдық және өндірістік компанияны мемлекеттік меншікке беру ұсынылды.
"Бүгінгі таңда республикалық меншікке бірқатар кәсіпорын мен мекеменің акциялары мен қатысу үлестері қабылданды. Атап айтқанда, "Көлік сервисі орталығы" АҚ мүлкінің құрамында ұзындығы 250 шақырым болатын 400-ден астам кірме теміржол желілері қабылданды", - делінген хабарламада.
Мемлекеттік меншікке ұзындығы 178 шақырым болатын 138 кірме теміржолына иелік ететін тағы 25 компанияны қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аталған компаниялардың мемлекет меншігіне қабылдануы темір жол инфрақұрылымы саласында делдалдарды болдырмауға және осы қызметтерге бизнес шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ комиссия отырысында жекешелендірудің кешенді жоспарынан халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін (жылумен, электрмен, сумен жабдықтау және басқа да коммуналдық қызметтер) 205 объектіні алып тастау мәселесі талқыланды.
Сонымен қатар комиссия жанар-жағар май нарығын, газ саласын және өңірлік электр желілік компанияларды демонополизациялау шараларын қарады.
Премьер-министр осы бағыттарда жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру үшін барлық қажетті құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелерді пысықтауды тапсырды.