https://sputnik.kz/20220517/shymkent-nauqas-kongo-qyrym-bezgegi-24876801.html
Түркістан облысының тұрғыны Конго-Қырым безгегі күдігімен ауруханаға жатқызылды
Түркістан облысының тұрғыны Конго-Қырым безгегі күдігімен ауруханаға жатқызылды
Sputnik Қазақстан
Науқаспен қарым-қатынаста болған 15 адам анықталды, оның ішінде 9 адам - медициналық қызметкерлер, барлығы медициналық бақылауға алынды 17.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-17T19:37+0500
2022-05-17T19:37+0500
2022-05-17T20:35+0500
денсаулық
қауіпті ауру
шымкент
кене
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748099_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_63387d25cc6438beadf8472da9c5d733.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Шымкентте Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына ықтимал жағдай тіркелді, деп хабарлады жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.Ведомство мәліметінше, 16 мамыр күні Шымкент қаласында осындай дертке күдігі бар науқас жүгінген.Бүгінгі күнге науқастың жалпы жағдайы интоксикация мен геморрагиялық синдромға байланысты ауыр дәрежеде. Науқас оқшауланып, Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жансақтау бөлімшесіне жатқызылды.Науқаспен қарым-қатынаста болған 15 адам анықталды, оның ішінде 9 адам - медициналық қызметкерлер, барлығы медициналық бақылауға алынды. "Індеттің алдын алу мақсатында кешенді эпидемиологиялық, зоопаразитологиялық және ветеринарлық алдын алу іс шаралары тиісті мамандармен жалғасуда", - дейді мамандар.Шымкент қаласы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан қолайсыз аймақтар қатарына жатады. Өткен жылы дерттің екі жағдайы тіркелген.Қалада кене шағып медициналық көмекке қаралған 284 адам тіркелді (2021 жылдың ағымдағы мерзімінде – 94 адам), яғни өткен жылдың осы мерзімімін салыстырғанда кене шағу жағдайы 3 есеге өскен.Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы– бұл вирус қоздырғышынан туындайтын аса қауіпті жұқпалы ауру, науқас дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда, өлім жағдайына әкеліп соқтыруы мүмкін.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748099_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_c977060f657357e3c337c7b8ec60e015.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қауіпті ауру, шымкент, кене
қауіпті ауру, шымкент, кене
Түркістан облысының тұрғыны Конго-Қырым безгегі күдігімен ауруханаға жатқызылды
19:37 17.05.2022 (жаңартылды: 20:35 17.05.2022) Науқаспен қарым-қатынаста болған 15 адам анықталды, оның ішінде 9 адам - медициналық қызметкерлер, барлығы медициналық бақылауға алынды
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Шымкентте Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына ықтимал жағдай тіркелді, деп хабарлады жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
Ведомство мәліметінше, 16 мамыр күні Шымкент қаласында осындай дертке күдігі бар науқас жүгінген.
"Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының 46 жастағы тұрғыны "Асқазан-ішектен қан кету. Ауыр дәрежелі деңгей" диагнозымен Облыстық клиникалық ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жүгінді. Осы күні науқас Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына ықтимал диагнозымен Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды", - делінген хабарламада.
Бүгінгі күнге науқастың жалпы жағдайы интоксикация мен геморрагиялық синдромға байланысты ауыр дәрежеде. Науқас оқшауланып, Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жансақтау бөлімшесіне жатқызылды.
Науқаспен қарым-қатынаста болған 15 адам анықталды, оның ішінде 9 адам - медициналық қызметкерлер, барлығы медициналық бақылауға алынды.
"Індеттің алдын алу мақсатында кешенді эпидемиологиялық, зоопаразитологиялық және ветеринарлық алдын алу іс шаралары тиісті мамандармен жалғасуда", - дейді мамандар.
Шымкент қаласы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан қолайсыз аймақтар қатарына жатады. Өткен жылы дерттің екі жағдайы тіркелген.
Қалада кене шағып медициналық көмекке қаралған 284 адам тіркелді (2021 жылдың ағымдағы мерзімінде – 94 адам), яғни өткен жылдың осы мерзімімін салыстырғанда кене шағу жағдайы 3 есеге өскен.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы– бұл вирус қоздырғышынан туындайтын аса қауіпті жұқпалы ауру, науқас дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда, өлім жағдайына әкеліп соқтыруы мүмкін.