https://sputnik.kz/20220517/sayakhatshy-ulytau-taldyqorgan-24872981.html
Егде жастағы саяхатшы Ұлытаудан Талдықорғанға жаяу жетті
Егде жастағы саяхатшы Ұлытаудан Талдықорғанға жаяу жетті
Sputnik Қазақстан
72 жастағы саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов республиканың барлық оңтүстік қалаларында болып қайтты 17.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-17T17:07+0500
2022-05-17T17:07+0500
2022-05-17T17:07+0500
қоғам
саяхат
https://sputnik.kz/img/07e6/05/11/24870321_0:84:1601:984_1920x0_80_0_0_25bd5ce31064f5d93df94103e9c77624.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр — Sputnik. 72 жастағы саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов Ұлытаудан Жетісуға келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 1 сәуір күні Қарағанды облысы Ұлытау ауылынан жолға шыққан Сәрсенбай Қотырашовты талдықорғандықтар құшақ жая қарсы алды. Бір ай 17 күнде ол Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Тараз, Алматы, Қонаев қалаларын жаяу жүріп өтіп, бүгін Талдықорғанға жетті. Ол сапарын 2022 жылдың қазан-қараша айларында аяқтауды жоспарлап отыр. Саяхатшы күніне 40 километр жаяу жүреді. Сәрсенбай Қотырашов – Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының тумасы. Бірақ ол көп жылдан бері Жезқазған қаласында тұрады. "Темірбетон" зауытында жұмыс істейді. Бұған дейін 10 жыл бойы "Ұлытау" қорық-музейінде архитектуралық ескерткіштерді реставрациялау бойынша шебер болып жұмыс істеген. Терісаққан ауылында мешіт, Ұлытау ауылында зияратшылар үйі мен ұстахана салдырған. Қазақстан муфтиятынан Алғыс хат пен 5 мерейтойлық медаль алған. Қазақстанды аралайтын саяхатқа шығу туралы ой зейнеткерде алты жыл бұрын пайда болған. Саяхатшы облыс орталығынан әрі қарай Аягөз, Семей, Өскемен, Павлодар, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Атырау, Бейнеу және Ақтау қалаларына сапар шегеді. Ұлытаудан Ақтауға дейінгі жалпы қашықтық 8000 километрді құрайды. Қазір ақсақал екі шөбере тәрбиелеп отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/11/24870321_88:0:1511:1067_1920x0_80_0_0_facc884370ac3515a020c4431c34f4c6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
саяхат
Егде жастағы саяхатшы Ұлытаудан Талдықорғанға жаяу жетті
72 жастағы саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов республиканың барлық оңтүстік қалаларында болып қайтты
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр — Sputnik. 72 жастағы саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов Ұлытаудан Жетісуға келді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
1 сәуір күні Қарағанды облысы Ұлытау ауылынан жолға шыққан Сәрсенбай Қотырашовты талдықорғандықтар құшақ жая қарсы алды. Бір ай 17 күнде ол Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Тараз, Алматы, Қонаев қалаларын жаяу жүріп өтіп, бүгін Талдықорғанға жетті.
Ол сапарын 2022 жылдың қазан-қараша айларында аяқтауды жоспарлап отыр. Саяхатшы күніне 40 километр жаяу жүреді.
Сәрсенбай Қотырашов – Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының тумасы. Бірақ ол көп жылдан бері Жезқазған қаласында тұрады. "Темірбетон" зауытында жұмыс істейді. Бұған дейін 10 жыл бойы "Ұлытау" қорық-музейінде архитектуралық ескерткіштерді реставрациялау бойынша шебер болып жұмыс істеген. Терісаққан ауылында мешіт, Ұлытау ауылында зияратшылар үйі мен ұстахана салдырған. Қазақстан муфтиятынан Алғыс хат пен 5 мерейтойлық медаль алған.
Қазақстанды аралайтын саяхатқа шығу туралы ой зейнеткерде алты жыл бұрын пайда болған.
"Менің үш мақсатым бар – Ұлытау өлкесінің тарихымен таныстыру, қазақстандық халық қолөнершілерінің тізімін жасау және Қымыз мерекесін кеңінен насихаттау. Сондай-ақ еліміздің 17 өңірін аралауды жоспарлап отырмын. Бұл сапарға ұзақ уақыт дайындалдым және күн сайын 90-100 километр жаяу жүрдім. Мені барлық қалада зор құрметпен қарсы алады. Алматыда мен Тұран университетінің студенттерімен кездестім, міне бүгін Жетісу өңіріндемін", - деді ол.
Саяхатшы облыс орталығынан әрі қарай Аягөз, Семей, Өскемен, Павлодар, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Атырау, Бейнеу және Ақтау қалаларына сапар шегеді. Ұлытаудан Ақтауға дейінгі жалпы қашықтық 8000 километрді құрайды. Қазір ақсақал екі шөбере тәрбиелеп отыр.