https://sputnik.kz/20220517/referendumga-qansha-adam-qatysa-alady-24860738.html
Референдумға қанша адам қатыса алады – сайлау комиссиясының мәліметі
Референдумға қанша адам қатыса алады – сайлау комиссиясының мәліметі
Sputnik Қазақстан
20 мамырдан бастап кез келген адам тұрғылықты жері бойынша тізімде өз атын тексере алады 17.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-17T11:37+0500
2022-05-17T11:37+0500
2022-05-17T11:37+0500
қоғам
референдум
сайлау
https://sputnik.kz/img/983/47/9834776_38:0:1962:1082_1920x0_80_0_0_0d8d6cbf32c8cf14fe88889f27919614.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Конституциялық өзгерістерге арналған республикалық референдумға 12 миллионға жуық адам қатыса алады. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Комиссияның бүгінгі отырысында 5 маусымдағы референдумға қатысатын адамдардың саны пысықталған болатын. "Референдумды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі науқан жаңа кезеңге аяқ басты. Учаскелік референдум комиссиялары жұмысқа толығымен кірісті. Барлығы 10 013 референдум учаскесі іске қосылады. 15 мамырдағы ақпаратқа сүйенсек, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне 11 722 536 адам енгізілген", - деді Әбдіров. Оның айтуынша, 20 мамырдан бастап кез келген адам тұрғылықты жері бойынша тізімде өз атын тексере алады. Ал қандай да бір өзгеріс енгіземін десе, учаскелік референдум комиссиясына өтініш жазуға мүмкіндік бар. Ондай өтініштер сол күні бірден қаралады.Сондай-ақ, орталық сайлау комиссиясы республикалық референдумда дауыс беруге арналған бюллетеньдердің санын бекітті. 28 мамырға дейін барлығы 11 839 761 бюллетень шығарылады.
https://sputnik.kz/20220506/referendum-qanday-zhagdayda-sanalady-24686858.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/983/47/9834776_278:0:1721:1082_1920x0_80_0_0_9f356a9ac5af4f0fa740e73d37771017.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
референдум, сайлау
Референдумға қанша адам қатыса алады – сайлау комиссиясының мәліметі
20 мамырдан бастап кез келген адам тұрғылықты жері бойынша тізімде өз атын тексере алады
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Конституциялық өзгерістерге арналған республикалық референдумға 12 миллионға жуық адам қатыса алады. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Комиссияның бүгінгі отырысында 5 маусымдағы референдумға қатысатын адамдардың саны пысықталған болатын.
"Референдумды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі науқан жаңа кезеңге аяқ басты. Учаскелік референдум комиссиялары жұмысқа толығымен кірісті. Барлығы 10 013 референдум учаскесі іске қосылады. 15 мамырдағы ақпаратқа сүйенсек, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне 11 722 536 адам енгізілген", - деді Әбдіров.
Оның айтуынша, 20 мамырдан бастап кез келген адам тұрғылықты жері бойынша тізімде өз атын тексере алады. Ал қандай да бір өзгеріс енгіземін десе, учаскелік референдум комиссиясына өтініш жазуға мүмкіндік бар. Ондай өтініштер сол күні бірден қаралады.
Сондай-ақ, орталық сайлау комиссиясы республикалық референдумда дауыс беруге арналған бюллетеньдердің санын бекітті. 28 мамырға дейін барлығы 11 839 761 бюллетень шығарылады.