https://sputnik.kz/20220517/qazaqstan-ortasha-zeynetaqy-24866308.html
Қазақстандағы орташа зейнетақының мөлшері жарияланды
Қазақстандағы орташа зейнетақының мөлшері жарияланды
Sputnik Қазақстан
Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы... 17.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-17T14:19+0500
2022-05-17T14:19+0500
2023-08-11T11:40+0500
қоғам
зейнетақы
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948636_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_d9c0e7106f219c8fae8c8e067110fcee.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі орташа зейнетқаның мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, 1 мамырдағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 939,3 млрд теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. Осы орайда министрлік мамандары 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске салды. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады. "Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ын құрайды, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артады. Мысалы, егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 74%-ын, ал 30 жыл болса, онда 94%-ын құрайды. Еңбек өтілі 33 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде белгіленеді", - дейді мамандар. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақының жарналары ай сайын аударылып тұруға тиіс. Себебі бірнеше айдың жарнасы бір айда аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір ай деп есептеледі. Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948636_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_d0d7da6c0ab43b72fe2b562f31b6be98.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы
Қазақстандағы орташа зейнетақының мөлшері жарияланды
14:19 17.05.2022 (жаңартылды: 11:40 11.08.2023) Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі орташа зейнетқаның мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, 1 мамырдағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 939,3 млрд теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді.
"2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 245 мыңнан асты. Базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 105 193 теңгені құрап отыр", - делінген ресми
хабарламада.
Осы орайда министрлік мамандары 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске салды.
Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.
"Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ын құрайды, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артады. Мысалы, егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 74%-ын, ал 30 жыл болса, онда 94%-ын құрайды. Еңбек өтілі 33 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде белгіленеді", - дейді мамандар.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақының жарналары ай сайын аударылып тұруға тиіс. Себебі бірнеше айдың жарнасы бір айда аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір ай деп есептеледі.
Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.