https://sputnik.kz/20220517/qazaqstan-meditsinalyq-poyyzdar-24874319.html
Қазақстанда медициналық пойыздар 23 мамырда жолға шығады
Қазақстанда медициналық пойыздар 23 мамырда жолға шығады
Sputnik Қазақстан
Арнайы пойыздар 13 мың шақырымнан астам жол жүріп, 200-дей станса мен разъездге баруды жоспарлап отыр 17.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-17T17:48+0500
2022-05-17T17:48+0500
2023-08-09T15:54+0500
денсаулық
пойыз
https://sputnik.kz/img/old/1223/84/12238469_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_0ad10aed66fe7adf4f3b139512fdbccc.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Биыл 23 мамырдан бастап мамандандырылған медициналық пойыздар өз жұмысын қайта бастайды.Дәрігерлер шалғайдағы стансалар мен жақын маңдағы ауылдардың тұрғындарына алғашқы медициналық-санитариялық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді. Медбригада құрамына терапевт, педиатр, ЛОР, кардиолог, офтальмолог, стоматолог және тағы басқа мамандар кіреді."Жәрдем" және "Саламатты Қазақстан" медициналық пойыздары арнайы жабдықталған 8 вагоннан тұрады."Бригадалардың құрамына кіретін дәрігерлер күніне ондаған науқасты тексереді. Тексеру кезінде олар аурудың ауыр түрлерін анықтаған жағдайлар да болды. Кейде пациенттер медициналық пойыздар жұмыс істеп тұрған стансаға білікті дәрігерлерге қаралу үшін басқа елді мекеннен арнайы келеді", - дейді "ҚТЖ" компаниясы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1223/84/12238469_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_102236e4d054e21c072292a362450e1c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пойыз
Қазақстанда медициналық пойыздар 23 мамырда жолға шығады
17:48 17.05.2022 (жаңартылды: 15:54 09.08.2023) Арнайы пойыздар 13 мың шақырымнан астам жол жүріп, 200-дей станса мен разъездге баруды жоспарлап отыр
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Биыл 23 мамырдан бастап мамандандырылған медициналық пойыздар өз жұмысын қайта бастайды.
"Арнайы пойыздар 13 мың шақырымнан астам жол жүріп, шалғай орналасқан Толтыр, Афанасьево, Бегімбет, Никельтау сияқты және өзге де стансалар мен разъездерге барады. Биыл 200-ге жуық станса мен разъезді қамту жоспарланып отыр", - деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі.
Дәрігерлер шалғайдағы стансалар мен жақын маңдағы ауылдардың тұрғындарына алғашқы медициналық-санитариялық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді. Медбригада құрамына терапевт, педиатр, ЛОР, кардиолог, офтальмолог, стоматолог және тағы басқа мамандар кіреді.
"Жәрдем" және "Саламатты Қазақстан" медициналық пойыздары арнайы жабдықталған 8 вагоннан тұрады.
"Бригадалардың құрамына кіретін дәрігерлер күніне ондаған науқасты тексереді. Тексеру кезінде олар аурудың ауыр түрлерін анықтаған жағдайлар да болды. Кейде пациенттер медициналық пойыздар жұмыс істеп тұрған стансаға білікті дәрігерлерге қаралу үшін басқа елді мекеннен арнайы келеді", - дейді "ҚТЖ" компаниясы.