Қазақстандық фильм Лос-Анджелестегі кинофестивальде Гран-при жеңіп алды

 Штурм фильмі - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Әділхан Ержанов түсірген "Штурм" фильмі LA Asian Pacific Film Festival кинофестивалінде Гран-при жүлдесіне ие болды, деп хабарлады "Қазақфильм".
Фильмдегі оқиға Қаратас ауылындағы мектепте өрбиді. Білім ордасын басып алған белгісіз біреулер оқушыларды тұтқынға алып, оларды босату үшін ешқандай талап қоймайды. Қаладан көмекке шыққан құтқарушылар алай-дүлей соққан ызғарлы бораннан жете алмағандықтан, мектеп ұстазы Тазшы ата-аналардың басын қосып, балаларды босатуға бел буады.
Фильмдегі басты рөлдерді Азамат Нығманов, Александра Ревенко, Берік Айтжанов, Данияр Алшынов, Нұрлан Батыров, Теоман Хос, Еркен Губашев және Ерден Телемисов сомдайды.
"Штурм" – ресейлік LOOKFILM және FORESTFILM компанияларының қолдауымен ShortBrothers продюсерлік компаниясы түсірген Қазақстан мен Ресейдің бірлескен туындысы. Сондай-ақ жобаны жасауға "Қазақфильм", Cinerental киностудиясы және әйгілі Nomad Stunts каскадерлер тобы атсалысты.
Естеріңізге сала кетсек, сәуір айында аталған фильм Францияда өткен Festival international du Film Policier Reims Polar кинофестивалінде Гран-при және сыншылардың жүлдесімен марапатталған болатын.
Жаңалықтар
0