Қарашөкеев жарамсыз картопты сатуға жол бермеген прокурорларды марапаттауды ұсынды

© Photo : Pixabay / CouleurКартоп
Картоп - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Павлодар облысының прокуратурасына ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтен Павлодар прокуратурасының қызметкерлерін адал жұмысы үшін көтермелеу туралы хат келіп түсті, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық прокуратурасының мәліметінше, өткен жылы ЖШС-нің бірі Павлодар аумағына 20 тонна көлемінде "Зебра чип" (Candidatus Liberibacter solanacearum) карантиндік объектісін жұқтырған тұқымдық картоп түйнектерін әкелген.
"Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ЖШС-нің іс-әрекетінен өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарының бұзылғанын байқамаған, іс бойынша өндірісті тоқтатқан. Павлодар прокурорының міндетін атқарушы Әсет Сәттібаевтың апелляциялық өтініші бойынша облыстық сот бірінші сатыдағы сот қаулысының күшін жойды", - деді облыстық прокуратура.
Нәтижесінде компанияға ҚР ӘҚБтК 400-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша 30 АЕК (87 510 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды және өнімдер тәркіленді.

Кейіннен Жоғарғы соттың сот алқасы прокуратураның тұжырымдарымен келісіп, облыстық соттың шешімін өзгеріссіз қалдырған. Сөйтіп, прокуратура органдарының араласуы нәтижесінде ауру жұқтырған картопты сатуға жол берілмеген.
Жаңалықтар
0